Риддерде 2 балдық жер сілкінісі болды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Жер сілкінісінің эпицентрі Ресейде орналасқан, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы»  ЖШС-і хабарлайды.

10 ақпанда Алматы уақытымен 14:24-те жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында Алматыдан шығысқа қарай 1023 шақырым жерде орналасқан» делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3. Магнитудасы – MPV 5.7. Эпицентр координаттары – 50.85° С. Е. 84.39° Ш. Б. Тереңдігі – 15 шақырым.

Еске салсақ, 9-нан 10-шы ақпанға қарағанда күні таңғы сағат 6:41-е Алматының  оңтүстік-шығысына қарай 270 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар