Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды

cover Фото: Pixabay.

Ресей аумағында WhatsApp мессенджері мен YouTube видеохостингі бұғатталды. Қазіргі уақытта бұл сервистерге VPN-сіз кіру мүмкін емес, деп хабарлайды Orda.kz.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, платформалардың домендік атаулары Ұлттық домендік атаулар жүйесінен алынып тасталған. Соның салдарынан ел ішіндегі пайдаланушылардың құрылғылары тиісті IP-мекенжайларды ала алмай, сервистерге қосыла алмай жатыр.

Ресейлік сарапшылардың айтуынша, шектеу шаралары техникалық себептермен де байланысты болуы мүмкін. Роскомнадзордың инфрақұрылымы бір мезгілде бірнеше ірі платформаны — YouTube, WhatsApp және Telegram-ды бұғаттады.

Ал Роскомнадзор бұл әрекетін деректер қауіпсіздігі саласындағы талаптардың орындалмауымен түсіндірді. Ведомствоның мәлімдеуінше, шектеулер қолданыстағы заңнаманы сақтамаған сервистерге қатысты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

WhatsApp компаниясы да жағдайға байланысты пікір білдірді. Компания өкілдері Ресей билігі сервисті толық бұғаттауға тырысқанын атап өтті. Олардың сөзінше, бұл пайдаланушыларды мемлекеттік бақылауға ашық балама қосымшаларға көшіру әрекеті болуы мүмкін.

«Жүз миллионнан астам адамның жеке әрі қауіпсіз байланыс құқығын шектеу — елдегі цифрлық қауіпсіздікке кері әсер ететін шешім. Біз қолданушыларымыздың байланыста қалуы үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатырмыз»,  деп мәлімдеді компания.

Еске сала кетейік, Ресейдегі Мемлекеттік Думада депутат Нұрлан Сабуровтың сөзін сөйлеп,  оның Ресейге кіре алмауына наразылық білдірді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар