Ресей Украинаға қатысты 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды қабылдамады

cover Фото: ТАСС

Ресей Украина бойынша ұсынылған бейбіт жоспарды толық қабылдамаса да, оны келіссөздер үшін «бастапқы нүкте» ретінде қарастырады, деп хабарлайды Orda.kz агенттігі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Bloomberg мәліметінше, Кремль бейбіт жоспарды өзгертуді көздейді. Мәскеу құжаттың қазіргі нұсқасына наразы. Алайда оны толықтай жоққа шығармайды.  Ресей басшылығы жоспарға нақты талаптар енгізуді қалайды.

Ресейдің негізгі талаптары:

- НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін тоқтату жөніндегі кепілдік;

- Украинаның бейтарап мәртебесі (құжатта тек ядролық қарудан бас тарту көрсетілген);

- соғыстан кейінгі Украина қарулы күштерінің санына қатысты шектеулерге қарсылық;

- орыс тілі мәртебесіне қатысты нақты кепілдіктер;

- санкцияларды жою мен тұрақты активтердің тағдырына қатысты түсініктемелер.

Путин бұл жоспарға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен, РФ президентінің арнайы өкілі Дмитриев АҚШ делегациясымен Флоридада кездесіп, келіссөз нәтижелері бойынша есеп берген.

Bloomberg дереккөзіне сүйенсек, Кремль құжатты толықтай қабылдамаса, АҚШ президенті Дональд Трамппен қарым-қатынасы ушығуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет бейбіт жоспардың 20 тармағын жария еткен болатын. Сонымен қатар, түрлі бағыттар бойынша қосымша ұсыныстар да қарастырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар