Ресей Сібірдегі өзендердің арнасын Қазақстан мен Өзбекстанға бұрғалы жатыр
Фото: Моя планета
Ресейлік академиктер РФ Білім және ғылым министріне Сібір өзендерінің бір бөлігін Қазақстан мен Өзбекстанға бұру мәселесіне қатысты ғылыми жобаларды қаржыландыруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сібір өзендерін Орталық Азияға бағыттау идеясы бұрын да айтылған. Оны 1970-жылдары-ақ кеңестік кезеңде жүзеге асыруға талпыныс болған. Алайда қазір бұрынғыдай ашық арналарды қазғаннан гөрі Қазақстан аумағы арқылы Обь өзенінен Өзбекстанға дейін магистральды су құбырын тарту жоспарланып отыр.
РБК мәліметінше, Ресей Ғылым академиясы кеңестік жобаның заманауи нұсқасын әзірлеуге кірісу туралы шешім қабылдаған.
«Ресей Ғылым академиясы Су проблемалары институтының ғылыми директоры Виктор Данилов Данильян РҒА Жер туралы ғылымдар бөлімі Обь өзенінің ағысын Өзбекстан бағытына бұруға қатысты жобаның ғылыми бөлігімен айналысатынын мәлімдеген. Ғалымдар министрлікке бұл бағыттағы зерттеулерді мемлекеттік жоспарға енгізіп, қаржыландыруды ұсынған», – деп жазды Forbes.
Данилов Данильянның айтуынша, бұл шешім оның төрағалығымен өткен «Құрлықтың су ресурстары» ғылыми кеңесінің соңғы отырысында қабылданған.
Ресейге бұл не үшін қажет? Орталық Азияда су тапшылығы салмақты проблема болып тұр. Қазақстан мен Өзбекстан — суға ең мұқтаж 30 елдің қатарында. Бірақ Ресей үшін мұндай стратегиялық ресурсты басқа мемлекеттерге берудің қандай пайдасы бар?
Ресейлік сарапшылардың пайымдауынша, су тегін берілмейді. Дәл мұнай мен газ секілді сатады. Бұл — федерацияға жаңа табыс көзі. Сарапшылар болашақта су мұнайдан да қымбат болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл әуелі кейбір араб мемлекеттері үшін басты мәселеге айналуы мүмкін.
Айта кетейік, Мәскеудің ең қымбат аудандарының бірінде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев айына 3,1 млн рубльге резиденцияны жалға алғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Ресей Сібірдегі өзендердің арнасын Қазақстан мен Өзбекстанға бұрғалы жатыр
- Нұрсұлтан Назарбаев Путин әкімшілігінің резиденциясын жалға алады
- «Пікірі үшін жазаланды»: туысын босатуды талап етіп, Қытай туын өртегендердің барлығы ұсталды
- БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адам ажал құшты
- Арыс қаласында бір мектепте 17 жұп егіз оқиды
- Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы жарияланды
- Абай облысында сабақтағы оқушылардың порнография көргені белгілі болды
- «Яна сізді жақсы көрді»: сотта Легкодимованың қаңқасын көрсетті
- «Новороссийск соққысынан кейін»: Қазақстан мұнайы Батысқа қарай экспортқа қайта шықты
- Қазақстанда белорус блогері Mellstroy-ге іздеу салынды
- Атырауда Яна Легкодимованы өлтірген екі қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- «Таңбалануы тиіс»: Тоқаев «ЖИ туралы» заңға қол қойды
- Ақмола облысында сотталған және психикалық ауытқуы бар адамдар қамқоршы болды
- Мәскеудегі тоғаннан сөмкеге салынған баланың басы табылды
- Астанада жоғалып кеткен студент өлі табылды
- Қатты жарылыс дыбысы естілді: Сайран маңында трансформатор өртенді
- Қазақстанда 308 мыңнан астам адам жұмыс таппай, әлеуметтік төлем алып отыр
- Тоқаев Энергетикалық кеңес туралы ережеге өзгерістер енгізді
- Трамп тарифтік саясаттағы көзқарасын өзгертіп, АҚШ-та баға көтерілгеннен кейін азық-түлік бажын алып тастады
- Орталық Азия елдерінің президенттері Ташкентте қандай келісімдер жасады