Референдумның «қара таңбасы»: Тәуелсіз бақылаушылар куә болған заңсыздықтар
Фото: Orda.kz
6 қазан күні өткен АЭС-ке байланысты референдумда тәуелсіз бақылаушылар бірқатар заңбұзушылықтарға куә болды. Сайлау учаскелеріне кедергісіз кіргенімен, түс ауа бақылаушыларға қысым жасала бастады. Кейбір учаскелерде сайлаушылар саны екі еселеніп көрсетілді, ал есептеу кезінде бақылаушыларды кіргізбеу әрекеттері жиі кездесті. Бақылаушылардың айтуынша, көптеген заң бұзушылықтар жүйелі түрде жасалып, дауыстар әділ есептелмеді. Orda.kz бұл оқиғаны назарға алып, тәуелсіз бақылаушылардың пікірлері мен айғақтарын тыңдады.
Бақылаушыларға қарсы қысым
Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, сайлау учаскесіне кедергісіз кіргенімен, түстен кейін бақылаушыларға қысым жасала бастады. Құқық бұзушылықтар өте көп болды. Сайлау учаскелері санақ кезінде 2 есе қосып, санын көбейтіп көрсеткен.
«Өз еліміз болғандықтан бәрі жақсы деп айтқымыз келеді. Бірақ сайлау кезінде куә болған жағдайларға қарап айта алмас едік. Наурызбай ауданындағы 507 учаскеге 2600 адам келу керек болған, соның ішінен 370 дауыс беруші келді. 507 учаске 716 адам дауыс берді деп шығарып отыр. Дауыс беру аяқталғаннан кейін есептеуге бақылаушыларды кіргізбей, кедергі келтірді», – деді Бесжан Төлеубекұлы.
Бақылаушыларға комиссия тобы мен күзетшілер қысым көрсетіп, жұмыстарына кедергі келтірген.
Әділетсіз санақ
«Комиссия мүшелері заң аясында жұмыс істей тұра өздері бақылаушылар құқығын аяққа таптады. 515 учаскеде бір адам екі бюллетеньнен қабылдады. Комиссия мүшесі бір адамға 2 бюллетень беруі бұл заң бұзушылық болып саналады», – деді бақылаушы Назерке Сексенбайқызы.
Ашық процесс болғандықтан, тәуелсіз бақылаушылардың суретке және видеоға түсіруге құқығы бар. Осы заң бұзушылықты видеоға түсіріп алғаннан кейін полиция қызметкерлері залдан бақылаушыны күштеп шығарып алып кетеді. Полиция қызметкерлері түсірген сурет, видеоларды өшіруді талап еткен.
«Тәуелсіз бақылаушылар атын жамылған билік адамдары да болды. Себебі олар өз жұмыстарын атқармай маған кедергі келтіруге тырысып жүрді», – деді Әсел Ізтаева.
Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00 әнұранмен бастау керек. Бірақ комиссия мүшелері 6:40 тан бастап өздері дауыс беруді бастап кеткен.
Референдум кезінде 4 бақылаушыны полиция қызметкерлері тәртіп бұзды деп алып кеткен.
«Мемлекет басшылығына үндеу жолдаймын: Келесі сайлау реформаларын онлайн түрде өткізейік. Халыққа осындай жағдай жасасақ бұндай заң бұзушылықтар азаяды. Сонымен қатар халықтың мәдениеті дамымаған өйткені 1000 бюллетень бұзылған 1000 дауыс берушілердің дауысы қабылданбай қалды. Яғни 1000 дауыс далаға кетті деген сөз. Бұлардың барлығы АЭС ке қарсы дауыс бергендер. Эмоцияға беріліп ИӘ және ЖОҚ деп жауап беретін жерге артық дүниелер жазып тастаған. Сол себепті қарсы болсаңыз, бір ғана белгі қойып кетуіңіз керек», – деді бақылаушы Қайсар Сейдоллаұлы.
Сайлау аяқталған кезде санақ басталарда тәуелсіз бақылаушыларды учаскеден шығару үшін түрлі өтірік айтып далаға шығарып, учаскені жауып алды.
«19:50-де бақылаушыны көлігін алып кетсін деп алдап, учаскеден сыртқа шығарды. 19:58-де референдум комиссиясы учаскені жауып алды. Учаскеге кірмекші болған бақылаушыны полиция алып кетті», – деді бақылаушы.
Бақылаушыларды референдум комиссиясы санақ басталмай жатып «кедергі жасап жатыр» деп , полиция шақырып учаскеден полиция басқармасына алып кетті.
«19:55 белгісіз адам келіп, «суретке түсеміз» деп бәрін сыртқа шығарып, тура 20:00 учаскені жауып бақылаушыларды кіргізбей қойды», – бақылаушы.
Қорыта келе референдум кезінде тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша екі үлкен заң бұзушылықтар болды. Осы екі заң бұзушылықты алға тарта отырып АКТ толтырып сотқа жүгінбекші. Біріншісі екі учаскеде сағат 7:00 болмай жәшікте бюллетеньдердің жатуы, екінші бір қателік 515 учаскеде бір азаматтың екі бюллетеньнен жәшікке салуы. Сонымен қатар хаттамада сандар дұрыс көрсетілмеген.
Жаңалықтар
- Еліміздегі барлық банктерге тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне қолжетімділік берілді
- Алматыдан 282 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
- Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылатыны туралы құжатқа қол қойды
- Үйге қамап, қонаққа кеткен: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
- Тақырып «Украина мәселесін реттеу» болмақ: Зеленский келіссөз үшін Швейцарияға келді
- Жамбыл облысындағы оқу-жаттығу жиындарынан кейін 22 жас спортшы ауруханаға түсті
- Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ ресми өкілі болып тағайындалды
- Теңіз кен орнындағы өртті тергеу үшін комиссия құрылды
- Отбасы банк жеңілдетілген ипотекаға кедергі болатын тұстарын алып тастады
- Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды алмастырады
- Павлодардағы Halyk Bank бөлімшесін тонау ісі бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды
- Астанада футболға Борат «бейнесінде» келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды
- СҚО-да алты бірдей әкім қоқыс үйінділері үшін айыппұл төледі
- Қаскелеңде үзіліс кезінде аяқ астынан мектеп оқушысы қайтыс болды
- Өзбекстанда ту түстес көйлек киген модель жазаланды
- Нұрайдың шағымын елемеген полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Трамп: АҚШ Венесуэладан 50 млн баррель мұнай алып үлгерді, енді елдің жағдайы «керемет» болады
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 36 спортшы жібереді
- Еліміздегі скрининг бағдарламаларының саны артты
- Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды