Құрбан айт – 2021: базардағы мал бағасы және құрбандық шалу әдебі

Мұсылман халықтарының ең басты ұлық мейрамына айналған Құрбан айт жақындады. Бас мүфтидің айтуынша, биылғы 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 7.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады.
Құрбан айт мейрамында садақа беріп, қараусыз қалған жетімдерге, көпбалалы отбасыларға көмектесу – сауап. Ал байлығы һәм жағдайы жеткен адамдарға құрбан шалу – міндет. Ізгі амалдардан тұратын рухани мереке күні құрбандыққа шалынатын мал бағасы қандай? Orda.kz тілшісі базар бағаларын біліп көрді.
Құрбан айт мейрамы кәсіпкерлер үшін табыс көзіне айналғандай. Алматыдағы мал базарларында сауда қайнап жатыр. Жағдайы жететін, сауаптан құр қалғысы келмейтін барлық мұсылман қауым құрбандыққа шалатын мал іздеумен әуре. Ірі мегаполистердің бірі Алматыда Шопан атаның төлі 20 мың теңгеден басталып, 80 мың теңгеге дейін бағалануда.
Базар ішін аралап қой сатып тұрған сатушылармен сөйлесіп көрдік. Олардың айтуынша Желтоқсан қаңтар айларында туған тоқтылар 55 мың теңгеге бағалануда. Тіпті, 85 мың теңге мен 90 мың теңге аралығында сатылып жатқан қойларды кездестірдік.
– Желтоқсан, қаңтар айларында туған тоқтыларды 55 мыңнан сатамын. Алам десеңіз, 25-30 келі болатын серкелер де бар. Олардың бағасы – 35 мың, - дейді саудагер.

2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, қой құны орташа есеппен 50 000 мың теңгеге бағаланған. Індеттің өршіген уақыттарына сай келген мерекеде қалталы азаматтар онлайн режимде құрбан шалдырып, сауапты іс жасаған.
Ірі қаралардың бағасы да алдыңғы жылмен салыстырғанда қымбаттай қоймаған. Сатушылар бұқаға 220-400 мың теңге аралығында сұрайды.
Келісуге болады. Мен 220 мыңға бағалап тұрмын. Алатын болсаңыз 200 мыңға берейін, - деді сатушы.

Ірі қара мал да 2020 жылы осы бағаға шамалас еді. Ол уақыттағы бұқа бағасы орташа есеппен 300-400 мың теңге аралығында болған.
Былтыр Алматы қаласына кіретін малдар қатаң тексерістен өтіп, арнайы блокбекеттер де қойылған. 2021 жылы да қалаға малдың кіріп шығуы қатаң бақылауға алынған.
16-22 шілде аралығында Алматыға кіре берісте қалаға мал әкелуді шектейтін бекеттер қойылатын болды, құрбан шалу онлайн режимде жасалады. Интернет арқылы құрбандық шалуға арналған жануарларды қоспағанда, қалаға құрбандық малын әкелуге жол берілмейді.
Алматыда 19-22 шілде аралығында малды, оның ішінде тірі жануарларды сату үшін сою орындары мен мал базарларының жұмысына тыйым салынады.
Құрбандыққа кез-келген малды соя бермейтіні анық. Қандай мал союға болады деген сұраққа ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақовтан жауап алдық.

Құрбандыққа қандай мал шалынады?
Құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы шарт. Біріншіден, бұл пенденің Жаратушы Иесіне деген жоғары деңгейдегі әдептілік қарым-қатынасын көрсетеді.
Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалу. Малдың еркегі де, ұрғашысы да жарайды. Еті көп, дәмі жақсы болғаны абзал.
Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Бір адам екі қой бауыздаса, екеуі де құрбандық болады және екі құрбандықтың сауабын алады. Ал, түйе мен ірі қараны бір адамнан жеті адамға дейін шалуға болады.
Барлық мүшесі түгел, мінсіз малды құрбандыққа шалу қажет. Көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, тістері жоқ, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінен көбі кесілген малды құрбандыққа шалу дұрыс емес.
Қой мен ешкі бір жасқа жетуі керек. Ал ірі қара екі жасқа, түйе бес жасқа толуы шарт. Бір жасқа толмаған семіз, әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Дегенмен сақтық ретінде бір жасқа толған қойды шалған абзал.
Жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп көмектесу – сауапты істердің бірі. Мол дастархан жайылатын рухани мереке жақындады.
Жаңалықтар
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры
- Перизат Қайрат ісі сотқа жіберілді
- Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді
- Алматыда мопед ұрлаған ер адам полицейді сүйретіп әкетті
- Әзірбайжан мен Ресейдің айқасы: Бакуде Симонянға қарасты Sputnik редакциясында тінту жүріп жатыр
- Мәжіліс депутаты Базарбек Бас прокуратураға бірден төрт арыз дайындады
- Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты қосымша тергеу аяқталды
- «Полиция көмектеспеді»: Ақмолада түлекті аяусыз ұрып, көлікпен қағуға оқталған екі ер адам ұсталды
- Әзірбайжан Ресей қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтатты
- Астанада аяғынан айырылған қыз қашан мектепке оралады?
- Wildberries патшайымы: Блогерге алданған қара халық президентке үндеу жолдады
- Қазақстан халықаралық математика олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
- Мәжіліс пен сенат депутаттары жазғы демалысқа шықты
- Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
- Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзаларын езіп жіберген ер адам сотталды