Рамзан Қадыров Шешенстанда төтенше жағдай жариялады

cover Фото: Чечня сегодня

Рамзан Қадыров Шешен Республикасын аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы өкімге қол қойды. Бұған қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz Чечня сегодня ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай аймағына Грозный және Аргун қалалық округтері және республиканың 9 муниципалдық ауданы кіреді. 

«Режим енгізілуіне нөсерлі жауын-шашын, таудағы қатты жаңбыр,  сулы қар түріндегі жауын-шашын, өзендердегі су деңгейінің қауіпті деңгейге дейін көтерілуі және шағын көлемдегі сел жүруі себеп болды» деп жазылған өкімде. 

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, 27–28 наурыз аралығында өңірдегі 18 елді мекенде 1817 үй мен аула аумағын су басқан, 28 жол мен бір бөгет шайылған, 17 көпір, 5 газ құбыры және 6 трансформатор зақымданған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар