Қазақстандағы қанды қаңтар: Бесінші күн, Тараз және Шымкент

cover

Елдің оңтүстігіндегі қаңтардағы наразылық жантүршігерлік зорлық-зомбылыққа – шынайы оқтар мен полицияның тұтқындарды ұрып-соғуына дейін ұласты.

Orda.kz сайты The Diplomat басылымымен бірлесе отырып, Шерилдің қаңтар айындағы барлық оқиғалар мен наразылық шерулерін басып жатқан көшелерден жазған қазақстандық тәуелсіз журналистер туралы әңгімелейді.

Шерил Л. Рейд

ТАРАЗ, Қазақстан: Нұрадин Рақай бес күн бойы үйінен шықпады. Ол өзінің әріптестеріне ннаразылық акциясына қатысқан тұтқындауға жататын адамдардың тізімінде екенін білді.

Нұрадиннің айтуынша, ол 4 қаңтарда тәуелсіз журналист ретінде қала орталығында болған, бірақол кезде ол пресс-жилетін кимеген - бұл кезде олFacebook парақшасында тікелей эфирде хабар таратқан.  Бірақ сол  кезде бұрынғы баспасөз хатшысы әрі Тараз қаласының бұрынғы әкіміАйтқазы Қарабалаевтың кеңесшісі болған Нұрадин камераны ысырып қойып, жиылған жұртқа екі ретшығып, сөз сөйлеген, әр сөзі бір минуттан аспады да.

Осыдан кейін полицей Рақайды көпшіліктің арасынан алып шығып, дереу алаңнан кетудібұйырды.  Ол олардың айтқанын істеді. Бірнеше минуттан кейін арнайы жасақ наразылық білдірушілерді ұстап, оларды автозактарға тией бастады. Ұсталған екі журналист тез босатылды, бірақ үшіншісі, «Время» газетінің тілшісі Айжан Әуелбекова полиция бөліміне жеткізілді. Оның айтуынша, оны сол жерде ұрып-соғып, үш сағаттан кейін ғана босатқан.

Нұрадин де полиция бөліміне шақырылды. Тәртіп сақшылары оған тергеу жүргізілетінін, үйіне қайтып, шықпай отыру керектігін айтты. Ол бірнеше күн күтті. Алаңға мыңдаған наразылық білдірушілер жиналып, бейбіт митинг тәртіпсіздікке ұласып кеткенін журналист достарынан білген.

Нурадин Ракай. Фото Шерил Рид

6 қаңтарға қараған түні шерушілер облыс әкімдігімен саяси партияның ғимараттарын, бірнеше полиция бөлімшесі мен тергеу изоляторын өртеп жіберген.

Кейінірек ресми мәлімдемеде айтылғандай, тәртіпсақшылары наразылық білдірушілердің қарулы тобына жауап қайтарған. Жамбыл облысының әкімі оқ жарақатынан 15 адам қаза тапқанын хабарлады. [Азаттық радиосы аймақта 18 адам қаза тапқанын хабарлады.] 288-ден астам адам жарақат алды, олардың көпшілігі 17 мен 25 жаса ралығындағылар.

9 қаңтарда Нұрадиннің есігін қақты. 

Бақылаушылар

Тараздағыдай Шымкенттегі наразылық шерулері 4 қаңтар күні түске таман басталып, қаланың әр жеріне таралды.

Сол күні Азаттық радиосының сол кездегі тілшісі болған 36 жастағы Дилара Иса үйінің маңында көлікте отырған бірнеше адамды байқады. Дилара «бақылаушыларды» жиі көретін. Жылдар бойы азаматтық киім киген адамдар оның үйінің алдына келіп, қалада наразылық басталған сайын соңынан еріп жүретін. Мұндай шараларға Дилара әдетте автобуспен барады – ол басқа жолаушылар арасында өзін қауіпсіз сезінеді. Осы бақылаушылардың бірі онымен бірге автобусқа кіріп, еш ұялмастан оны суретке түсіре бастады. Дилара бұл адамдар полиция немесе ҰҚК қызметкерлері деп санайды. Ол бірнеше рет олармен ашық қақтығысқа түсіп, неге олар оның соңынан қалмай, оны фотоаппаратқа түсіріп жүргенін түсіндіруді талап еткен. Бірақ бақылаушылар осы күнге дейін ешқашан жауап бермеген.

Дилара 4 қаңтар күні әкімдік алдындағы алаңға шыққанда 20-ға жуық наразылық білдірушілер мен үйінің сыртында кезекшілікте тұрған соладамдарды байқаған. Ол кездейсоқ наразылық акцияларын түсіру үшін бүкіл қаланы аралап шықты, полиция наразылық білдірушілердің кейбірін алып кеткенде, акциялар тез басылып қалатын. Ол қай жерде жүрсе, бақылаушылар оның соңынан еріп жүретін.

«Азаттық» логотипі бейнеленген пресс-жилет пен бетперде киген Дилара басылымның сайтына бейбіт митингілерден тікелей эфир жүргізген. Ол қазақтың туын ұстап, әнұранды шырқаған адамдарды видеоға түсірген. Бір кезде полицияның наразылық білдірушілерді ұстағанын видеоға түсіріп жатқанда, тәртіп сақшыларының бірі Дилараға оның жазбаны тоқтатуын талап етті. Журналист оның жұмысына кедергі жасамауды сұраған, бірақ полиция қызметкері оның камерасының алдында тұрып, көріністің бәрін денесімен жапқан.

Кешкі сағат 20:30-да Shymkent Plaza мен Орыс драма театрының арасындағы Әл-Фараби даңғылында бес мыңға жуық адам жиналды.

«Бір сәтке жиналғандар мен полиция бұдан әрі не істерін білмей қалғандай болды», - деді Дилара.

Полиция көшелерді жауып, ешкімді ұстауға әрекет жасамады. Интернет істемей қалды, бірақ Дилара түсіруді жалғастырды.

«Мен тек болып жатқанның бәрін түсіруді ойладым. Себебі мен ол жерде жалғыз журналист едім және барлық жауапкершілік маған жүктелді», - деді ол.

Шерушілер талаптар тізімін жасап, барлық тұтқындарды босатуды талап етті. Сағат 23:00-ге қарай «Shymkent Plaza» сауда үйінің жанына 10 мыңнан астам адам жиналды. Көпшілік шулап келгенімен, бірақ бейбіт келе жатты. Олар қала әкімінің алдынан шығуын талап етті, бірақ ол келмеген соң жиналған жұрт өз бетінше әкімдікке қарай беттеді.

Шымкент. Фото Дилара Иса. Радио «Азаттық»

Олар жаяу келе жатып, мемлекеттік әнұранды шырқады, көшелердегі көлік қозғалысы тоқтады - көліктерде отырған адамдар патриоттық әндерді қатты қосып, терезелерді ашып қойды. Біреулер: «Шал, кет!», «Оян, қазақ!» және «Жемқорлық құрысын!» деп айқайлап жатты.

Шеру бір шақырымнан астам уақытқа созылды. Адамдар көшенің екі жағындағы балкондарында тұрып, шеруді тамашалады, наразылық білдірушілер өтіп бара жатқандарды өздеріне қосылуға шақырды.

Дилараның айтуынша, шеруге шыққандардың көбі жастар болған. Жиналғандар арасында әйелдер мен белсенділер көп болғанымен, «Аллаһу әкбар» деп ұрандаған сақалды, қысқа шалбарлы бір топ ер адамдар жүрген. Кейбір наразылық білдірушілер жиналғандардан мүлікті бүлдірмеуді сұраған.

5 қаңтар күні таңғы сағат 1:30-да халық әкімдікке жеткенде, оларды қалалық алаңға жиналған тағы 1000 наразылық білдіруші қарсы алды. Дилара әкімдіктің ішіне кірмек болған адамдарды көрді.

Бір кезде бейбіт митинг хаосқа ұласты – біреу әкімдік ғимаратына тас лақтыра бастады.

«Біреудің полиция көлігіне мініп, оны тепкілеп, терезелерін шаққанын көргенде өз көзіме өзім сене алмадым», - деді Дилара. Ол жақындай бергенде полиция көлігін аударып тастағандарын көрді.

Шымкент. Фото Дилара Иса. Радио «Азаттық»

«Біреуі «барлық көліктерді сындырайық» деді. 10 минуттың ішінде ондаған полиция көлігінің терезелері шағылды. Ауада түтін мен шаң араласты», - деп еске алды ол.

«Адамдар айғайлап, жылап жатты»

Нұрдадин Таразда наразылық шерулері аяқталғаннан кейін үш күн өткен соң сыртқы есікті ашқан бойда азаматтық киім киген полицейлерді көрді. 9 қаңтар болатын.

«Мені қамауға алып, полиция бөліміне жеткізді. Олар мені сол жерде ұрып-соқты. Олар мені қолдарымен, тапаншамен, дубинкамен ұрды. Мені негізінен денемнен, бүйрегімнен ұрды. Бірақ мені ғана емес. Біз шағын казармада болдық, одан да көп адам әкелінді - жүзден астам адам. Демалатын ауа болмады. Адамдар жылап, айқайлап жатты», - деп еске алды Нұрадин.

Оның айтуынша, полицейлер бір мезетте 10 адамды ұрып-соққан шағын дәлізден өтуге мәжбүр болған.

«Мен өліп қаламын деп ойладым», - ары қарай не боларын, соққыларға төтеп бере аларын білмеген ол.

Өзгелердің ұрып-соққан айқайын естігенде, Нұрадин өз сөзі үшін неге жазаланып отырсың деп өзіне сұрақ қойды. Ол сол кезде алаңда не айтқанын ойлады. Нұрадин шеруге шыққандарға мүлікті талқандамауды, талаптарын әкімге жеткізуді өтінген кезде өзінің дұрыс істеп жатқанына сенімді еді.

Тараз. Фото Исламбек Дастан

Бетперделер мен азаматтық киім киген полицейлер оны және басқаларды қайтадан ұрып-соғуға кіріскенше, жантайып жатуға мәжбүрледі. Соққыға жығылған кейін бірінші күні ол есінен танып қалды. Тыныс алуы қиындап, кейін бүйрегі істен шығып, үш күн бойы дәретханаға бара алмай қалды.

Соққылар жалғаса бергенде, Нұрадин арасындаесінен танып қалатын. Ол бір сәтте оянбай қалам ба деп қорықты. «Мен өлсем, кінәсіз екенімді дәлелдей алмаймын деп ойладым», - деді ол.

Полицейлер оны арнайы тергеу бөлмесіне сүйреп апарып, психологиялық тұрғыдан қысым көрсетті. «Маған олар кеше мені қолымда гранатамен, мылтықпен көргендерін айтты».

Нұрадин жауап алу кезінде тергеушілерге қарауға тыйым салынғанын, ал ұрып-соғу кезінде қабырғаға қарап тұрып, өзін соққыға жыққанадамдарға қарамауға мәжбүр болғанын айтады.

«Олар біреуді көрдім, біреуді танимын деп айтуға мәжбүрледі. Айтқандарын айтудан бас тартсаң, сені дәл сол бөлмеге жіберіп, ұрып-соғатын».

Нұрадин өзінің кінәсіздігін алға тарта берді. Ол 4 қаңтардан бері үйде болған және полицияның қала алаңына оралмау туралы бұйрығын орындаған.

«Мен мұнда өте танымал журналист едім, сонымен қатар әкімдікте баспасөз хатшысы қызметін атқардым», - деп түсіндірді ол.

Оны тергеушілер білетінін айтып, мазақ етті. «Неге онда соны жазбайсың?» деп олар Нұрадинді келемеждеді.

Оның айтуынша, оның ұсталғанын білген достары Нұрадиннің үйіне баруға қорқып қалған. Жұрт оның отбасына «халық жауы» атанып кеткендей қараған.

«Әйелім мен балаларым менің тірі немесе өлі екенімді білмеді», - деді ол.

Тараз. Сурет Исламбек Дастан

Агрессия өсуде

5 қаңтар күні таңертең наразылық күшейіп, шерушілердің өздері де агрессивті бола бастады. Ер адамдардың бірі Дилараға оқиға орнынан хабар таратқаны үшін ұрысып, оның суреттері наразылық білдірушілерге қиындық туғызуы мүмкін екенін айтқан. Олар оған өте агрессивті болды. Басқа демонстранттар журналистің телефонын тартып алмақ болып, Диляраның қолынан ұстады. Сақалды, қысқа шалбар киген жас жігіт түсірілімді доғар деп айқайлады. Жауап ретінде Дилара оған араласпау керектігін айтқан. 

Дилара терезелерді сындырып, көліктерге зақым келтірген шерушілердің бейбіт шерушілерден өзгеше екенін байқады. Бейбіт шерушілер талап қойып, әнұранды шырқап, көпшілікке бөтеннің мүлкін зақымдамауларын талап еткен. 

Шерушілер оған барған сайын зорлық-зомбылық танытып, Дилара кету керек деп шешті. Әкімдікке жеткен бойда оған күйеуі қосылды, бірақ ол кезде жағдайдың екеуі үшін де тым қауіпті болып кеткенін түсінді. Осылайша Дилара күйеуімен түнгі сағат 3:00 шамасында үйіне келді, жолы бойы бақылаушыларға толы көлік іздерімен жүрді.

Дилара өз үйінде отырып, 15 минуттық жерде орналасқан әкімдік маңайында тұтанған гранаталардың жарылған дыбыстарын естіген. Кейін оған алаңда қалған адамдар қоңырау шалып, полицияның су атқышын қолданғанын айтқан.

5 қаңтар күні таңертең Дилара әкімдікке барды, оның алдында полиция мен әскерилер сап түзеді. Жақын жерде қираған және аударылған полиция көлігі тұрған.

Шымкент. Сурет Дилара Иса. Радио «Азаттық»

«Қаланы түсініксіз қорқыныш билеген сияқты», - дейді Дилара. Ол қайда барса да, бүгін кешке әкімдікте тағы бір наразылық акциясы жоспарланғанын елдер сыбырлап жүрген. «Дүкендер жабылып жатқандықтан, тұрғындарға сағат 17:00-ге дейін банктерден қолма-қол ақша алып, азық-түлік сатып алуды ескертті. Дүрбелең көп болды».

Дилара митингті екінші түні де көрсетуді жоспарлаған, бірақ ол «Азаттық» редакциясының Алматыдағы кеңсесіндегі редакторына телефон соққанда, ол жерде журналистерге оқ жаудырғанын айтты. Редакция барлық тілшілерге үйде отыруды бұйырды.

Кешкі сағат 21:00 шамасында Дилара үйінен әкімдіктен шыққан электрлік гранаталардың дыбысын тағы естіген. Екі сағаттан кейін оған таныс бірнеше белсенділер телефон соғып, адамдарға оқ тигенін айтты - кейбіреулері өліп кеткен, көбі жарақат алған. Олар оның неге келмегінін сұрады. Дилара әрқайсысына ол редакцияның оқиға орнынан аулақ жүруін бұйырғанын түсіндірді.

Дилараның айтуынша, ол түні бойы наразылықтарға қайта оралғысы келіп, өзімен күрескен.

Қоңыраулар түнгі 3-ке дейін жалғасты. Ол өзініңтұрмыстағы әйел, төрт баланың анасы екенін есіне алды.

«Мен көзімді жұма алмадым», - деді ол. Атыстаңғы 6-ға дейін жалғасты.

Сол күні таңертең Дилара тағы да әкімдікке барды, онда 50-60 наразылық білдірушілер жүрген. Өртенген ғимаратты сарбаздар қоршап алған. Жерде қан мен оқтар жатқан. Алаңдағы тастар қирап, көліктер өртенген.

Шымкент. Сурет Дилара Иса. Радио «Азаттық»

Бірнеше белсенді оған әскерилер мен арнайы жасақтардың адамдарға қалай оқ атқанын және жедел жәрдемнің жаралыларға қалай жете алмағанын айтып берді.

«Мен түнде далаға шығып, не болып жатқанын түсірмегеніме өкіндім», - деді ол.

Криминалды фильмдегідей

Қамаудың төртінші күні, 12 қаңтарда Нұрадин 35 жасқа толды. Бұл жерде қанша тұру керектігін білмеді.

Бір кезде Нұрадиннің соты басталды, ол онлайн режимде өтті. «Судья маған ескерту беретінін және айыппұл төлеуім керектігін айтты», - деді ол.

«Мен оларға ақша төлемейтінімді айттым. «Егер мен шынымен де кінәлі болсам, түрмеге түсер едім. Мен ақша төлей алмаймын. Менің бес балам бар»дедім».

Оның айтуынша, кейбір ұсталғандарға 60 мың теңгеге жуық айыппұл салынған. Оның үстіне олар қамаудан босатылғандары үшін өтемақы төлеуге қуанышты болды. Басқалары 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және үкімге қарсылық білдірмеді, өйткені бұл олар күн сайын соққыға жығылған казарманы ақыры тастап кете алатынын білдірді.

21 қаңтарда Нұрадин босатылды. Ол Facebook желісінде полицияда 13 күн болғаны туралы жазды.

«Жарты айдың ішінде олар менің террорист емес екенімді анықтады. Бұл кәдімгі ресейлік криминалдық фильмдегі көрініс еді. Ғимараты өртенген партия басшысы журналистерді қорқытқаннан не ұтты? Мен террорист емеспін», - деді ол.

Нұрадиннің айтуынша, оның денесі көгала қойдай болып, ал соққыдан басы ісінген. Бостандыққа шыққаннан кейін де зәр шығаруы қиындаған олмедициналық көмекке жүгінген. Оның айтуынша, аурухана дәрігерлері оның бүйрегі аздап зақымдалғанын айтқан, бірақ бұл аса қауіпті емес.

Жұмыс табу үлкен мәселеге айналған. Нұрадин қамауға алынғаннан кейін компаниялар оны жұмысқа алуға қорыққан. «Олар мені қиыншылық әкеледі деп ойлады».

Оның айтуынша, жұмыс іздеуге бес ай уақыт кеткенімен, ақыры 31 арнаға журналист болып қабылданған. Ол бұған дейін арнада 2019 жылға дейін тоғыз жыл жұмыс істеген. Одан кейін облыс әкімінің баспасөз хатшысы, осы жұмыстан кейін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында кеңесші қызметін атқарды.

Нұрадин 4 қаңтарда сөз сөйлер алдында «менің кесірімнен ешкім қиындыққа тап болмас үшін» қызметінен кеткенін айтады. Бірақ Нұрадин өзінің Facebook парақшасында жұмыстан босатылғанын оқырмандарына екі рет хабарлады.

Құпия құжат

Дилара 5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түніШымкентте атыс басталған кезде не болғанын анықтауға бел буған. Ол куәгерлермен, жәбірленушілермен және зардап шеккендердің отбасымен сұхбаттасты.

Дилара 73 адамның қалай оққа ұшқанын, 20 адамның қалай қаза тапқанын, полицияның 3500-ден астам адамды не үшін ұстағанын білгісі келді. Ол қайтыс болғандардың әңгімелерін жазып, сотта олардың істерінен хабар таратты, өйткені прокуратура оларды «террорист» деп атады.

Шымкент. Фото Дилара Иса. Радио «Азаттық»

«Бұл оқиғалардың барлығы маған психологиялық әсер ете бастады. Мен оларды тереңірек түсінген сайын, олардың кейбірінің қалай қайтыс болғаны туралы мәліметтер маған көбірек әсер етті», - дейді ол.

Дилара телефонының тыңдалып жатқанын және ол ҰҚК немесе полицияның бақылауында екенінбілгендіктен, қай жерде және қалай адамдармен сұхбаттасу керектігін мұқият таңдады. Өзін жасырып жүрген дереккөз оған наразылық кезінде қаза тапқан 20 адам туралы құпия тергеу құжатын ұсынған.

«Бұл өте маңызды құжат болды. Менің редакторларым шошып кетті», - деді ол.

Бірнеше апта бойы қала билігі полиция мен әскерилердің наразылық білдірушілерге қарсы оқ-дәрі қолданылғанын жоққа шығарды. Дилараның қолына түскен құпия құжат полиция мен арнайы жасақтың шерушілерге қарсы күш қолдануына қала билігінің рұқсат бергенін бұлтартпас дәлел келтірді.

Құжатқа сәйкес, 5 қаңтар күні сағат 23:00 шамасында Шымкент қаласының билігі полиция мен әскери қызметкерлерге шерушілерге 9 мм тапанша мен 12 мм автоматтан атуға рұқсат берген.

«Ереуілшілер мас күйінде болған, дыбыс шығаратын гранаталардан, көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарынан қорықпаған, өзін өте агрессивті ұстаған, тегіс ұңғылы мылтық пен басқа да қаруларды қолданып, молотов коктейльдерін лақтырып, полиция мен әскерилерге жан-жақтан шабуыл жасаған», - делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, 23 әскери қызметкер, 51 полиция қызметкері және екі медицина қызметкері жарақат алған. 142 әскери және полиция көлігі өртенді немесе зақымданды. Құжатта наразылық кезінде ұрланған заттар да көрсетілген: екі Макаров тапаншасы, 151 сауыт, 81 қалқан, 57 дулыға, 110 резеңке таяқ, 51 рация.

Сонымен қатар, қаза тапқан 20 адамның үшеуінің ғана денесінде алкогольдің ізі болған. Қаза тапқандардың біреуінде ғана қару, автомат және төрт патрон табылды.

Шымкент. Фото Дилара Иса. Радио «Азаттық»

Қаза тапқандардың отбасы қала билігінің оқтарды қолдануға рұқсат бергенін білгенде қатты ашуланды. 19 жастағы Нұрболат Алпамыстың әкесі Мұрат Әбдірайымов: «Менің балам митингке шықты. Оның қолында қару болған жоқ. Ешкімге оқ атқан жоқ, ешнәрсені қиратқан жоқ. Менің балам басынан оқ тиген. Неліктен оларға бейбіт тұрғындарды атуға рұқсат етілген?», - дейді.

Қараша айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы наразылықтарға байланысты түрмеде отырған жүздеген тұтқынға рақымшылық жасады. Алайда кейбір құқық қорғаушылардың пікірінше, рақымшылық қарусыз демонстранттарға оқ атқан тәртіп сақшыларына қылмыстық қудалаудан құтылуға мүмкіндік береді.

Шерил Л. Рид – американдық журналист және FulbrightProgram стипендиаты. Ол Орталық Азиядағы БАҚ-тың репрессиясын зерттеп, 80-нен астам журналистерден сұхбат алды. Қосымша ақпарат cherylreed.com сайтында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар