Прокурор Біртановтың үй қамақта отыруын ұзартуды сұрады

cover

Мемлекеттік айыптаушы Санат Талқанбаев Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауында ұстау мерзімін тағы екі айға ұзартуды сұрады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Біртановтың сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет өрескел бұзғанын, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктенгенін, нәтижесінде мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келтіргенін ескере отырып, соттан күдіктінің мерзіміне санкция беруін сұраймын. Елжан Біртанов материалдармен танысу кезінде екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегіне дейін үй қамауында болсын, - деді мемлекеттік айыптаушы сот отырысында.

Еске салсақ, 7 шілдеде Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 8 шілдеде 133 томнан, заттай айғақтардан және 1 терабайтқа бір қатты дискіден тұратын қылмыстық іс материалдары танысуға жіберілді.

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы қазанда ұсталған. Тергеушілер оған «аса ірі көлемде 562 млн теңге бюджет қаражатын ысырап етті» деп айып тағуда.

7 қарашада Біртанов үй қамағына алынды. Бұл бұлтартпау шарасы бірнеше рет ұзартылды. 9 маусымда қамауға алу тағы бір рет - 14 шілдеге дейін ұзартылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар