Президент заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтаруға қатысты жаңа заңға қол қойды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот шешімдерін орындау және заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» деп жазылған хабарламада.
Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.
Құжат Конституциялық сот шешімдерін орындауға және заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған.
Конституциялық соттың шешімдерін орындау
Ұлттық Банк, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен дамыту агенттігі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметкерлері, ұлттық компаниялардағы басқарушылар үшін шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген адамдар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақылы қызметке жалпы тыйым салудың күшін жою;
мүдделер қақтығысы, қызметтік мүлікті пайдалану немесе лауазымдық міндеттерін атқаруға кедергі жасау кезінде кәсіпкерлік қызметке жол бермеудің нақты негіздерін белгілеу;
заң бойынша да, өсиет бойынша да жер пайдалану құқығын мұраға алу тәртібін нақтылау;
алименттерді, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен елден тыс жерлерге кеткен адамдардан өндіріп алу тетіктерін жетілдіру;
ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу бойынша талап қою мерзімдерін есептеуге көзқарастарды өзгерту.
Мемлекеттік қызмет
коммерциялық ұйымдар акцияларының 5 процентіне дейін сенімгерлік басқаруға беру туралы талаптың күшін жою;
бағалы қағаздарды және цифрлық активтерді иелену мүмкіндіктерін кеңейту;
сенімгерлік басқару шарттарын ресімдеу тәртібін оңайлату;
мемлекеттік қызметшілердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алу құқығын бекіту;
коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысу нормаларын нақтылау.
Заңсыз сатып алынған активтерді қайтарудың тетіктері
активтерді ерікті түрде қайтару нысандарын кеңейту - мемлекетке беру ғана емес, ұлттық экономикаға инвестициялау;
уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық және қайырымдылық жобаларды іске асыру мүмкіндігі;
активтерді қайтару нәтижелері және оларды қоғам мүддесінде пайдалану туралы жария хабардар ету жөніндегі талаптарды белгілеу.
Өткен жылдың 18 желтоқсанында Сенат бұрын қабылданған Конституциялық сот шешімдерін орындау және заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша заңды мақұлдаған болатын.
Еске салсақ, Қазақстанның Бас прокуратурасы алғаш рет заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару үшін Интерполдың жаңа құралын пайдаланады.
Тақырыпқа қатысты:
Назарбаевтың олигархтары қанша байлықты қайтарды және ол қайда сақталады?
Билік Боранбаевтың тәркіленген мүлкін не істейді?
«Дариға Назарбаеваның күйеуі»: QazaqGaz ұрлаған миллиардтар
Жаңалықтар
- Еліміздегі екі миллион гектардан астам пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Қазақстан цифрлық әлеуетін күшейтіп, әлемдік рейтингте көтерілуде
- Жертөледегі алтын құймалар мен миллиардтаған ақша: Гуанчжоудың экс-мэрі өлім жазасына кесілді
- Биылдан бастап МӘМС арқылы кімдер тегін емделе алады
- Қазақстанда оқушылардың білімін ЖИ-репетиторлар қолға алады
- АҚШ соққы берді: Венесуэла астанасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі қосылды
- Президент заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтаруға қатысты жаңа заңға қол қойды
- Еліміздің екі облысында браконьерлерден киіктің мыңдаған мүйізі тәркіленді
- «Қайраттың» негізгі қақпашысы командадан кетті
- Ирандағы наразылық тәртіпсіздік пен қақтығысқа ұласты
- Алматы облысында жасөспірім ойнап жүріп мұз астына түсіп, қаза тапты
- Токиоға алғашқы қар жауды - жапондықтар үшін бұл ерекше құбылыс
- Атыраудағы жаңа жылдық сыйлыққа берілген мемлекеттік тапсырыс дауға ұласты
- Биыл халық шошына күткен қандай ақша аударымдары «күдікті» саналады
- Аузыңызға ие болмасаңыз - қалтаңыз қағылады: айыппұл көлемі өсті
- Атырау облысындағы бір отбасы «дәрігер қабылдауынан» кейін түгелдей із-түзсіз жоғалып кетті
- Көлікке «мықты» нөмір таңдауға рұқсат
- АҚШ пен батыс елдерінің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты салған санкцияларының кесірі қара халыққа тиіп жатыр
- Путин әулетінің досы Қазақстанда ірі дәрі-дәрмек зауытын салады
- Тоқаев Швейцариядағы өртке байланысты көңіл айтты