Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде тағайындаулар болды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Махсут Құрманәліұлы Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Махсут Гусейнов 1977 жылғы 30 желтоқсанда Шымкент облысы Бөген ауданының Шұбаров ауылында дүниеге келген.

Ол 2000 жылы  ҚР ҚК Әскери академиясын ЖӘУ (мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикалық) бағдарламасы бойынша, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін әскери және әкімшілік басқару мамандығы бойынша, 2021 жылы  Ұлттық қорғаныс университетінің «Қарулы күштерінің академиясын» әскери істегі стратегиялық менеджмент мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, 1 бала тәрбиелеуде.

Махсут Гусейнов                                                                                                 Бағлан Өсербаев                

Сонымен қатар Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. 


Оқи отырыңыз:







Жаңалықтар

барлық жаңалықтар