Петропавлға есірткі тасымалдаған ҰҚК сержанты 8,5 жылға сотталды
Фото: Pixabay.com
Ақмола облыстық әскери соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Бүркіт Қайыркешовке қатысты үкім шығарды. Оған Астанадан Петропавлға есірткі әкеліп, жасырып, таратқаны үшін айып тағылды.
Orda.kz тілшісі оқиға жайлы толығырақ баяндайды.
Бүркіт Қайыркешов — Екібастұз қаласының тумасы. Ол Астанада тұрып, жұмыс істеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жоғары лауазымда қызмет атқарған. «Астана» шекара бақылауы басқармасының күзету тобының бақылау-техникалық бөлімшесінің басқарған.
27 жастағы шекара қызметкерінің ұсталғаны туралы Солтүстік Қазақстан полициясы ақпан айында хабарлаған. Кіші сержант қызметтен тыс уақытта есірткі бизнесімен айналысқан. Ол психотроптық заттардың ірі мөлшерін сатып алып, сақтап, тасымалдаған.
Сотта Бүркіт Қайыркешов өзінің кінәсін мойындап, қосымша қылмыстық табысы туралы толық айтып берді. Ол өткен жылдың қыркүйек айында интернеттен курьерлерді іздейтін хабарландыруды көргенін түсіндірген.
Сот үкіміне зер салсақ, ол Telegram мессенджері арқылы белгісіз есірткі саудагерімен алдын ала сөз байласқан. Бейтаныс адам оған ақшаға есірткі заттарын заңсыз айналымға салуды ұсынған. Қылмыскер қаржыдан қысылып жүрген соң келісімін берген. Кейін «куратор» оған сатып алу, сақтау, тасымалдау, жасырын орындар мен түрлі әдістер бойынша нұсқау беріп отырған.
Бүркіт Қайыркешов Астанада көлік қоятын жер мен Hyundai Creta автокөлігін жалға алған. Куратордың нұсқауымен ақпанның 8-і күні Ақмола облысындағы Жібек Жолы ауылынан жасырын орыннан психотроптық заттар салынған үш орамнан тұратын пакетті алған.
«Психотроптық заттардың жалпы салмағы 453,38 грамм. Оны Астанадан Петропавлға тасып, куратордың берген нұсқаулары бойынша үш жасырын орынға орналастырды. Сол күні куратордың нұсқауымен бір полимерлі пакеттің ішіндегі бес орамды жасырын орыннан алып, әрі қарай жеткізді», – деп іс материалдарында көрсетілген.
Бұл «гашиш» атты есірткі еді. Кейбір орамдарды ол көлікте жасырды. Біреуін Петропавлға жасырын орынға қою керек болса, қалғандарын Астанаға тасымалдау керек болған. Осылайша оның табысты қылмыстық ісі аяқталды. Алайда қауіпсіздік қызметкерлері оны қолға түсірді.
Шекара қызметкері тергеушілерге өз еркімен жауап берді. Ол барлық жасырын орындарды, дропперлерді, ақша аударымдары бойынша шоттарды көрсетті.
Сотта Бүркіт Сайдалыұлы Қайыркешов ең төменгі жаза тағайындауды сұрады. Жазаны ауырлататын жайт ретінде антты бұзуы, жеңілдететін жайт ретінде жаңа туған баласының болуы ескерілді.
«Бүркіт Сайдалыұлы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі, 1, 2 және 3 тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. Оған мүлкін тәркілеумен бірге 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деп мәлімдеді Ақмола гарнизонының әскери сотының судьясы Әділбек Батырханов.
Кіші сержант шенінен айырылған жоқ. Ал Қазақстан Республикасының гербі бейнеленген патриоттық қаптағы телефоны тәркіленді.
Бүркіт Қайыркешов бұрын сот үкіміне шағымдаған, бірақ Әскери сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Үкім заңды күшіне енді.
Orda.kz тілшілері сотталған шекара қызметкерінің әлеуметтік желілерін тауып алды. Сол жерден ол ант беру рәсімін, демалып жүрген кездерін, мешітте жүрген суреттерін жариялаған. Сондай-ақ, автокөліктің кілтін ата-анасына тапсырып тұрған бейнежазбаны да көруге болады. Автомобиль заңсыз кәсіптен түскен ақшаға сатып алынған болуы мүмкін.

Бір қызығы, наурыз айында осы істі тергеу кезінде Солтүстік Қазақстан облысының жүздеген тұрғынының шоттары бұғатталған еді.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында АО «Kaspi Bank»-тің банк шоттарына 10 күнге шектеу шаралары қолданылды. Тексеру нәтижесі бойынша шектеулер алынып тасталады», – деп хабарлады сол кезде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Еске сала кетсек, бұған дейін білім және денсаулық сақтау салаларындағы сыбайлас жемқорлық пен ұрлық фактілеріне қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасов 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор: Кристина Юсичева
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды