Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады

cover Фото: Polisia.kz

Павлодарда зейнеткер алаяқтардың  алдауына түсіп, 10 мың долларынан айрылып қала жаздады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полиция мәліметінше, алаяқтар зейнеткерді қорқытып, жинаған 10 мың долларын беруге көндірмек болған. Оған бейтаныс ер адам қоңырау шалып, өзін Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкері ретінде таныстырған. Зейнеткерді бұрын жұмыс істеген кезінде алаяқтарға ақша аударуға көмектескен деп айыптап, қылмыстық іс қозғалатынын айтқан. 

«Қатты қорқып, белгісіз адамдардың барлық нұсқауын бұлжытпай орындадым. Екі күн бойы олар маған қайта-қайта қоңырау шалып, ешкімге айтпауды талап етті. Кейін такси шақырып, банктен ақшамды шешіп, оны долларға айырбастап, Грузияға аударуды тапсырды», — дейді зейнеткер. 

Банк қызметкерлері қаражатты «жиеніне» жібермек болған зейнеткерден күдіктеніп, полиция шақыртқан. Нәтижесінде «ҚМА қызметкері» алаяқ болып шықты. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар