Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі

cover Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін білдей сегіз әкім әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.      
 
Экологиялық кодекстің 13-бабының 4-тармағында табиғатты сақтау және оның ресурстарына ұқыпты қарау барлық жеке және заңды тұлғалардың парызы әрі міндеті екені айдан анық жазылған.

Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, өңірде экологиялық-санитарлық талаптарға сәйкессіздіктер анықталған. 


Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде облыстың Аққулы ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигоны анықталды, олардың ешқайсысында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жоқ.


Сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманың жоқтығы, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу үшін жинақталған қалдықтардан түзілетін фильтрат пен ағын суларды бақылау жүйесінің жолға қойылмағаны белгілі болды.
 

Өздігінен пайда болған полигондар қоқыс газы шығарындыларын бақылау жүйесімен жабдықталмаған. Анықталғандай, олар коммуналдық қалдықтарды бақылаусыз тастау салдарынан пайда болған.
 

Өз кезегінде жергілікті атқарушы орган тарапынан коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілмеген.
 

Нәтижесінде сегіз ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылық қатартылды. Жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұлдар төленді.
 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар