Партия мүшелері Цой мен ДСМ-ға қарсы пікірлерін айтты

Сайлау алдындағы күрес жоқ кезде, партиялар ортақ проблеманы шешу мақсатында біріге алады. Бұл жолы екі партияның бірігіп көтерген мәселесі — Covid-19 вакцинасының жетіспеушілігі . Nur Otan және Халық партиясы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сәтсіз деп санайды.
Вакциналау жұртшылықта бірінші күннен бері түрлі наразылықтар тудырып келеді. Ақыры бұл туралы Парламентте айтылды. Бұл мәселені бірінші болып Nur Otan партиясының депутаты Ирина Унжакова көтерді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күрестің өз тәжірибесінен де, әлемдік тәжірибесінен де сабақ алмаған. Оның айтуынша, министр Алексей Цой халықты вакциналау жұмыстарын дұрыс жүргізіп жатқан жоқ.

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова да осындай пікірде. Ол вакциналау процесін реттейтін және азаматтардың денсаулығына жауап беретін Денсаулық сақтау министрлігі екеніне сенімді.
— Олар нәтижеге жету үшін барлық процестерді біріктіруі керек. Қолдарынан келмей жатса айту керек. Вакциналау сәтсіз өтуде. Министр «бізде бәрі жақсы болады, тек қашан болатынын білмейміз» деп сабырлылық танытуда. Қытай елшісі Қазақстанға вакцинаның 3 млн дозасы әкелінгенін мәлімдеді, ал Денсаулық сақтау министрлігі бұл туралы білмейтінін айтты. Бұл таңқаларлық, егер мамандандырылған министрлік білмесе, онда ақпаратты қайдан аламыз?!

Смирнова Қарағанды зауытына ресейлік вакцинамен қамтамасыз ету үшін 18 млрд теңге бөлінгенін, бірақ ол ақша түспегенін, логистика салынбағанын атап өтті. Ол қазақстандық вакцина жөніндегі жіберіп алған мүмкіндіктерді де атап өтті.
— Бұл түсініксіз оқиға. Қазақстандық вакцина әлемде алғашқылардың бірі болып тіркелді, біз оны халықтың денсаулығы үшін ғана емес, оны шетелге сатуға және валюталық түсімдерді алуға мүмкіндік алдық. Тағы бір жіберіп алған мүмкіндік —Қазақстанда ғылым мен биотехнологияның дамуы. Бұл процесті Білім және ғылым министрлігі басқарады. Министрдің өзі егілді, ешқандай кері әсері болмады. Сондықтн халыққа неге екпеске?
Депутат ең бастысы – халықтың вакцинамен қамтамасыз етілетініне сенімді, өйткені бұл іске мемлекеттің басты тұлғалары – президент те, премьер-министр де араласуда. Алайда, вакциналау қарқыны туралы айтылған сандар нақты емес.
Авторы: Анна Даниловская
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры
- Перизат Қайрат ісі сотқа жіберілді
- Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді
- Алматыда мопед ұрлаған ер адам полицейді сүйретіп әкетті
- Әзірбайжан мен Ресейдің айқасы: Бакуде Симонянға қарасты Sputnik редакциясында тінту жүріп жатыр
- Мәжіліс депутаты Базарбек Бас прокуратураға бірден төрт арыз дайындады
- Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты қосымша тергеу аяқталды
- «Полиция көмектеспеді»: Ақмолада түлекті аяусыз ұрып, көлікпен қағуға оқталған екі ер адам ұсталды
- Әзірбайжан Ресей қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтатты
- Астанада аяғынан айырылған қыз қашан мектепке оралады?
- Wildberries патшайымы: Блогерге алданған қара халық президентке үндеу жолдады
- Қазақстан халықаралық математика олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
- Мәжіліс пен сенат депутаттары жазғы демалысқа шықты
- Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
- Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзаларын езіп жіберген ер адам сотталды