Пандемиядан зардап шеккен кинотеатрларды қалай құтқарамыз?

cover

Қазақстандағы кинотеатр иелері дабыл қағудан шаршады. Оларға аман қалу үшін билік тарапынан жасалған кез келген жеңілдікке жармасып, әрекет ету ғана қалды. 

Кинотеатрлардағы коронавирус

Бизнестің пандемия кезеңіндегі шығыны 15 млрд теңге.

Дмитрий Кириенко

- Бірінші локдаун біздің компанияны 90% банкроттыққа жеткізді. Шамамен 10 ай жұмыс істеген жоқпыз, егер тағы бір ай осы күйде қалсақ, салдары қайтымсыз болар еді.

Кинотеатр – көптеген адамдардың жұмысын ақшаға айналдыратын құрал. Елімізде кинокөрсетілім саласында 10 мың адам жұмыс істейді делік, бірақ, кадр сыртында жұмыс істейтін тағы 10 мың адам бар – музыканттар, суретшілер, сценаристер, режиссерлер, түгел бэкстейдж. Олардың барлығына отбасыларын асыраулары керек. Ал кинотеатрлардың жұмыс істемеуі туралы сөз қозғағанда, біз түгелдей кино саласының тоқырауы жайлы айтып жатырмыз деген сөз, - деді Chaplin Cinemas коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

Кинотеатр иелерінің айтуынша, дамуына он жылдан астам уақыт кеткен үлкен мәдениет пен өнер қабатын жоғалтып алуымыз мүмкін. Көрермен ұсыныстың жоқтығынан шетелдік фильмдерді көбірек көреді. Кинотеатрлардан кейінгі пандемия құрбандары өндірістік кинокомпаниялар, режиссерлер, актерлер, бір сөзбен айтқанда, бүкіл киноиндустрия.

Онлайн кино

Алмаз Малдыбаев

- Қазір өзге елдерде киноны стиминг алаңдарында көруде. Бірақ бірінші айдан бастап оның жеткілікті табыс әкелмейтіні белгілі болды, шығындардың орны толмайды. Сондықтан, бәрі де – Universal, waltdisney – өз премьераларын кейінге шегеріп, стриминге бағыт алмауды шешті. Ірі компаниялар мұндай шешімге қалай келді? Бұл, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде кинотеатралдық алаңдардан басқа күшті құрал жоқ дегенді білдіреді. Стриминг, онлайн-тарату, телевизия  – барлығы да екінші деңгей, - деп, kinopark Multiplex Cinemas бас директоры Алмаз Малдыбаев басымдықтарды белгіледі.

Кинематографистердің өздері де растайды: қазақстандық контентке енді ғана үйренісе бастаған көрермен, баламасы жоқ болғандықтан, бүгінде шетелдік киноны көріп отыр.

Режиссерлер қандай жағдайда кино түсіріп отыр?

Рашид Нұғманов

- Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін мемлекеттік кинопрокат тоқырауға ұшырады, сосын жеке кино желілерін қайта қалпына келтіру басталды. Сол уақыттан бастап, біз экранда отандық киноны аз тамашалайтын болдық.

Соңғы жылдары көрермен біздің фильмдерді, оның өзінде көп жағдайда комедияларды жиі көретін болды. Неліктен көпшілік әлі де американдық киноны көреді? Өйткені, сапасы біршама жоғары, көрінісі мықты, драматургияға көп көңіл бөлінеді. Драматургия дегеніміз не? Оқиғалардың басынан аяғына дейін өзіне баурап алатындай тартымды болуы. Осыны үйрену керек. Біздің киноны біршама көрерменге бейімдеу керек, көрініспен жұмыс жасау керек. Қалай болғанымен киноны біз өзіміз ұшін шығармаймыз ғой. Бұл ұжымдық әрі көпшілік өнері. Осыған байланысты, сценарийлердің сапасын арттырып, көрерменнің назарына ұсыну қажет, - деп, кинорежиссер Рашид Нұғманов өз пікірімен бөлісті.

Абай Қарпықов

Ал кинорежиссер Абай Қарпықовтың айтуынша, кинотеатрлардың аман қалуы – бүкіләлемдік проблема.

- Көбірек отандық картиналарды шығаруымыз қажет. Мемлекет мұны іске асыра алады ма? Оны мен білмеймін.

Саланы құтқарудағы мемлекеттің рөлі  

Кинотеатрларда отандық киноны көрсететін не өнім, не орын қалмады. Ал киноөндірушілер үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көрсететін қолдауына қарамастан, жаңа жобаларды шығарудың мәні жоғалуда.

- Ресей дәл осы оқиғаларды бастан өткізді, бірақ кинотеатр және түгел киноөндіріс саласы үшін ақылға сыймайтын серпіліс жасады деп айта аламын. Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 30 наурыз аралығында Ресей Кино Қорының қолдауымен шығарылған барлық фильмдер сатылған билеттің құнынан 100% қосымша дотацияланған. Яғни, кинотеатрға сатылған билет үшін 50% қосымша қаражат беріліп, тағы 50% продюсердің табысына қосылды. Осы уақыт аралығында экрандарға 40-тан астам жергілікті картиналар шығарылды, бұл жақсы жылдық сандық көрсеткіш. Яғни, үш айдың ішінде студиялық шығарылымдардың жетіспеушілігі жойылып, үлкен механизм іске қосылды.

Менің ойымша, біздің Үкіметтегі экономистер кез-келген индустрияны іске қосу оны тоқтатуға жол бермеуден әлдеқайда қиын екенін түсінуі керек. Түсінесіздер ме? Сондықтан, біз барлық шектеу шаралары тиімсіз болғаны үшін алаңдаймыз. Олардың тиімсіздігін көріп жүрміз, ол айқын, ал салдары бірнеше жыл бойы сезілетін болады. Кинотеатрлардың жұмысына қойылған бір айлық шектеу ағымдағы және келесі жылдардың бірнеше тоқсанына әсер етеді, - деді Дмитрий Кириенко.

Қандай қолдау қажет?

Kinopark Multiplex Cinemas бас директоры Алмаз Малдыбаев мемлектеттік қолдаудың қажеттілігін алға тартып отыр.

- Мемлекеттік қаулы бойынша жабылған кез-келген кәсіпорынды мемлекет қолдауы керек. Барлық әлемде солай. Егер мемлекет кәсіпорынның уақытша жабылуын жақтаса, сәйкесінше, ол кәсіпорынның банкротқа ұшырамауына көмектеседі. Біздің жағдайда, мемлекет жабады, шектеулер қояды, бірақ, ешқандай көмек көрсетпейді, тіпті жалақыны, банктік борыштарды төлеуге қатысты қолдау жоқ. Еуропа, Азия (Корея, Жапония) кинотеатрлары мемлекеттік дотацияларды алып отыр, ал қолдау көрсетілмеген елдерде шектеу мерзімдері аз. Ресейде бас кезінде дотация берілді, кейін олар кинотеатрларды ашу туралы шешім қабылдады.

Біз үшін бұл мәселе әлі ауада қалқып жүр – сонда бұдан әрі не істеуміз керек? Банкке барып қосымша қаражат сұраймыз ба? Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жылына 5 млрд теңгеге дейін фильмдер шығарады. Бұл ақшаның кем дегенде жартысын кинотеатрларға бір реттік көмек ретінде бөліңіздер. Кинотеатрлардың сіздерге риза болатындығы сонша, ашылғаннан кейін сіздермен қаржыландыратын барлық фильмдерді қуана-қуана қабылдайды, және табыс әкелетін болады. Бір жағынан, біз ол қолдаусыз да аяқта қалатын шығармыз.

Бірақ, кейін режиссерлер картиналарымен келіп, фильмдерін көрсеткісі келгенде, менің бас тартуға моральдық құқығым болады. Қажет болған кезде бізге ешкім қолдау көрсетпеді, ал енді неге біз біреуге қолдау көрсетуіміз керек? Бұл қорқыту немесе бопсалау емес, бұл қарапайым логика. Әр іс-әрекетке қарсы әрекет бар.

Саланы қалай дағдарыстан шығаруға болады?

- Кинотеатрларды жабуға болмайды. Ия отыру орындарын шектеуге, сеанстар санын азайтуға болады, барлық елдерде сол тәжірибе қолданылуда, ал толығымен жабу – кино желісінің жойылуы деген сөз ғой. Кинотеатрларда ауа айдау жүйесі жақсы, барлығы іске қосылған, қалыпты жағдайда, әр сеанстан кейін залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Жай жаба салу – прокатты өлтіру. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Отандық киноны көрсеткендері үшін кинотеатрларға ынталандыру шараларын енгізу, салықтарды азайту, ҚҚС-тан босату қажет. Ресейде ұлттық фильмдерді шығару және пайдалану қызметтері ҚҚС төлеуден босатылады, егер бұл Ресейде мүмкін болса, неге бізде мүмкін емес? Аз ғана қаражат кинематографистің қалтасына қайтып, жұмысын одан әрі жалғастыруға, жаңа жобаларды шығаруға көмектеседі. Сонда ғана, адам баратын киноны шығаруға деген ынта пайда болады, - дейді Рашид Нұғманов.

Ал Абай Қарпықов мемлекеттің қолында болатын прокаттау желісін құруға ұсыныс білдірді.

- Ол көрерменді отандық өнімдермен қамтамасыз етуі керек.  Қазіргі кинотеатрлар негізінен үлкен қалаларда орналасқан. Бірақ аудан және облыс орталықтарында тұратын негізгі халықтың отандық киноны көруге мүмкіндігі жоқ. Қазір өмір тоқтап тұрғандай. Бұдан әрі жағдай қалай болады, қандай формат жеңіске жетеді – үлкен сұрақ. Негізгі қорытынды өте қарапайым – пандемия аяқталғаннан кейін болашақ туралы ойлану керек, халыққа отандық фильмдерді көрсету керек, ол үшін отандық кинотеатрлар желісі құрылуы тиіс.

Еске салсақ, 2021 жылғы 1 тоқсанда 112 жаңа фильм көрсетілген, оның ішінде: қазақстандық - 9 (8%), ресейлік - 26 (23%), шетелдік - 77 (68%).

Голливудтың ірі компанияларының релиздері тоқтатылып, қалыптасқан жағдайға байланысты, қазақстандық жетекші продюсерлік компаниялар да өз өнімдерін кинотеатрларға беруден бас тартты.

Прокатта да, табыс бойынша да отандық фильмдердің үлесі екі есеге төмендеді, ал ресейлік және шетелдік кинолардың үлесі табысы бойынша тиісінше 3,4% және 19,1%-ға артты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар