Өз-өзін өртемек болған ананың ісін прокурор неге қарамайды?
Фото: Orda.kz.
Алматы әкімдігінің алдында өз-өзін өртемек болған көпбалалы ананың ісіне байланысты Orda.kz сауалына қала прокуратурасы жауап берді. Ведомство бұл даудың прокурор қатысуы міндетті істердің қатарына жатпайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, 13 қазан күні Алматы әкімдігінің алдында 39 жастағы төрт баланың анасы Жанар Қалжанова өз-өзін өртемек болған. Ол соттан әділетсіздік көргенін айтып, әкімдікке 2025 жылдың мамыр айынан бері шағымданғанын жеткізген. Кейін әкімдік Қалжановаға тиісті әлеуметтік көмек көрсетілгенін мәлімдеген.
Қалжанованың айтуынша, 2021 жылы оны жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен. Салдарынан ол 12 апталық жүктілігінен айырылып, аяғын сындырып алған. Кейін төрт рет ота жасалып, соның салдарынан жатыры алынып тасталған. Әйелдің сөзінше, көлікті белгілі адамның қызы басқарған.
Бұл іс Түрксіб аудандық сотында қаралып, шешім Қалжанованың пайдасына шыққан. Сот айыпталушыны моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттеген. Алайда екінші тарап шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Нәтижесінде қалалық сот аудандық соттың үкімін жойып, істі өзгеше шешкен. Қалжанова бұл шешіммен де келіспей, кассациялық шағым бергенімен, сот қаулысы өзгеріссіз қалған.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, Қалжанованың Күшіковаға қарсы шағымына қатысты Жоғарғы сот 2024 жылғы 5 ақпанда істі қайта қарауға рұқсат бермеген.
«2023 жылғы 30 наурызда Түрксіб аудандық соты Ж.Қалжанованың арызын ішінара қанағаттандырып, А.Күшіковадан 1 320 000 теңге материалдық және 300 000 теңге моральдық өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарған. Алайда 2023 жылғы 17 шілдеде азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бұл шешімнің 1 320 000 теңгеге қатысты бөлігін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тартқан. 2024 жылғы 5 ақпанда Жоғарғы сот істі қайта қарауға рұқсат бермеді», деп хабарлады прокуратура.
Ведомство түсіндіргендей, азаматтық процестік кодекстің 54-бабына сәйкес, прокурор азаматтық істердің барлығына қатыспайды. Ол тек мемлекет мүддесі қозғалғанда, қоғамдық маңызы бар жағдайларда немесе өз мүддесін өзі қорғай алмайтын тұлғалардың құқықтарын қорғау қажет болғанда ғана қатысады.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалған жасөспірімнің жағдайы ауыр
- Түркістанда сотталушы қарауыл жасақты алдап қашып кетті
- Өз-өзін өртемек болған ананың ісін прокурор неге қарамайды?
- 600 мың теңгелік тортқа бола соттасып: Кондитердің абыройын төкті
- Бас прокуратура Нұрбол Назарбаевтың активтерін тексеріп жатыр
- Баян Алагөзова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды
- «Қылмыс әлемінің серкелері қысым көрсетті»: Маңғыстаудағы теміржолшылар мәлімдеме жасады
- «Зорлады, ұрып соқты»: Түркістан полициясы неліктен 16 жастағы қызды қиянат жасаған адамға қайта қосты?
- Тоқаев Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
- Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды
- «Орда» үшін талас-тартыс тоқтар емес: редакцияны басып алудың жаңа амалы
- Алматыда алғаш рет дроппер әйел ұсталды
- Алматы маңынан ежелгі жануарлардың жүзден астам қаңқасы табылды
- Меруерт Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атанды
- Ақтөбеде жындыханаға тоғытылған 5 баланың анасы сап-сау болып шықты
- Назарбаевтың немересінің қос азаматтығы мен Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі әшкереленді
- Ақтөбелік тұрғын әріптесіне 7,7 млн несие алғызып, өлтіріп көміп тастады
- Төбелес шығарып, бірін-бірі соққыға жыққан Жаңаөзендегі оқушы қыздар жауапқа тартылады
- Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті
- Ташкентте жігіттерге «қырыңдаған» қазақ қызының үстінен іс қозғалды