Отардағы әскери қызметкердің өлімі: Қорғаныс министрлігі жауап берді

Кеше Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы Гвардейск гарнизонында әскери қызметкер өзінің жүрек тұсына оқ атып, қайтыс болғаны туралы ақпаратты Orda.kz порталында жарияладық.
«Қорғаныс министрлігі ақпаратты жариялауға марқұмның туыстары қарсы» деген желеумен ресми ақпарат беруден қашқақтаған еді. Бүгін Orda.kz жаңалығынан кейін Қорғаныс министрлігі «амалсыздан» аға лейтенант Омаровтың өлімі туралы басқа БАҚ өкілдеріне ақпарат бере бастады.
Кеше редакцияға қайтыс болған азаматтың ағасымын деп хабарласқан ер азамат оның суицид алдында хат жазғанын, ол жерде ешкімді айыптамайтынын айтқанын жеткізген болатын. Бүгін «Армия.кз» телеграм арнасы қайтыс болған аға лейтенанттың ісі бойынша Гвардейск горнизонының әскери прокурорына жіберілген оқиға туралы алғашқы баяндама құжатын жариялады. Құжатта марқұм Омаровтың жүрек тұсына оқ атар алдында жазған хаты көрсетілген. Хат мәтіні төмендегідей:
Барлығына өзім кінәлімін. Мама, туыстарым, мені кешіріңіздер. Командирлерім, сіздерді подставлять еткенім дұрыс емес. Бұлай істеуім де өте үлкен қателік. Менің ұмытшақтығым бар, мінезім спокойный. Екі рет қолым сынғанда, бір рет паховый грыжа болғанда қарыз алғам. Соның кесірі бар шығар. Ит қапқан кезде алты рет укол алдым. Менің зияным ешкімге тигенін қаламаймын. Кешіріңіздерші. Бұлай істеуді бірнеше жылдан бері ойлағам. Дұрыс емес екенін, өте үлкен қателік екенін біліп өзімді тоқтататынмын.
Хат еш өзгеріссіз берілді
Оқиға 22 қараша күні таңғы сағат 05:00 шамасында орын алған. Телеграм арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 24 жастағы аға лейтенант Омаров кезекшілік кезінде ПМ-9 қаруынан өзінің жүрек тұсына оқ атқан. Қорғаныс министрлігі 23 қараша күні сағат 11:20 шамасында оқиғаға қатысты деректерді редакцияға жіберді. Министрлік хабарламасы:
Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды.
Қорғаныс министрлігінің хабарламасы
Жаңалықтар
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры
- Перизат Қайрат ісі сотқа жіберілді
- Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді
- Алматыда мопед ұрлаған ер адам полицейді сүйретіп әкетті
- Әзірбайжан мен Ресейдің айқасы: Бакуде Симонянға қарасты Sputnik редакциясында тінту жүріп жатыр
- Мәжіліс депутаты Базарбек Бас прокуратураға бірден төрт арыз дайындады
- Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты қосымша тергеу аяқталды
- «Полиция көмектеспеді»: Ақмолада түлекті аяусыз ұрып, көлікпен қағуға оқталған екі ер адам ұсталды
- Әзірбайжан Ресей қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтатты
- Астанада аяғынан айырылған қыз қашан мектепке оралады?
- Wildberries патшайымы: Блогерге алданған қара халық президентке үндеу жолдады
- Қазақстан халықаралық математика олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
- Мәжіліс пен сенат депутаттары жазғы демалысқа шықты
- Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
- Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзаларын езіп жіберген ер адам сотталды