Қостанай облысы әкімінің орынбасары 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанай аудандық соты 2021 жылғы 12 сәуірде Қостанай ауданы әкімінің орынбасарына ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-бабы, 4-бөлімі, 3-тармағы бойынша сот қаулысын шығарды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Әкім орынбасары билікті немесе лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның, басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасаған іс-әрекеттер жасауы бабы бойынша айыпталған.
Аудан әкімінің орынбасары жер комиссиясының төрағасы бола отырып, 2020 жылдың сәуірінен тамызына дейін Қостанай ауданының «Сафроновское» кен орнының кең таралған пайдалы қазбаларын (құмын) өндіруге арналған лицензия негізінде заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын «Ремдортехник» ЖШС директорына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруден әртүрлі сылтаулармен бас тартқаны сот арқылы анықталды.
Кейіннен әкімінің орынбасары ҚР Жер кодексінің талаптарына қарамастан, өз өкілеттіктерінен тыс, «Ремдортехник» ЖШС директоры жер учаскесін беру шарты ретінде кен орнының жанында орналасқан Заречное ауылы көшелерінің бір бөлігін көрінеу мүмкін емес газдандыруды қаржыландыруға келісуге мәжбүр етті. «Ремдортехник» ЖШС директоры 10 820 000 теңге сомасында ақшалай қаражат берген мердігердің фирмасын атады.
Осылайша, «Ремдортехник» ЖШС-нің заңды құқықтары мен мүдделері бұзылып, ірі мөлшерде елеулі зиян келтірілді.
Сот сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп таныды және іс бойынша анықталған мән-жайларды ескере отырып, 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Жаңалықтар
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
- Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
- Прокурор Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады
- Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
- «Жаза бәріне ортақ»: Премьер Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты
- Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер өзі түсініктеме берді
- Жәбірленуші бола тұра қылмыскер атандым: Аяусыз пышақталған жасөспірімнің анасы әділдік сұрайды
- Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
- Перизат Қайраттың Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар
- Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
- Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
- Тоқаев әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
- Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды