Олимпиада 2020 ойындарындағы алғашқы жарыстар басталды

cover

Олимпиада 2020 ойындарындағы алғашқы жарыстар басталды. Жапондық әйелдер софтбол командасы Австралиядан келген қарсыластарын жеңді.

Бұл туралы Orda.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Командалар арасындағы кездесу 8:1 есебімен аяқталды. 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы софтболдан жарыс (спорттық командалық доп ойыны, бейсбол түрі) 2021 жылы 21 мен 27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командасы марапаттардың бір жиынтығы үшін таласады. Ерлер бейсболдан күш сынайды.

Сонымен қатар, бүгін әйелдер арасындағы футбол матчы өтеді.

Еске салсақ, ойынның ашылу салтанаты 23 шілдеде өтеді. Соған қарамастан, олимпиаданың кейбір жарыстары оның ашылуынан ерте басталды. Көбінесе бұл командалық ойын түрлеріне қатысты, онда спортшылар қалпына келуі керек.

Сондай-ақ, Ұлттық олимпиада комитетінің спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов Inbusiness.kz тілшісіне Олимпиада ауылында қазақстандық спортшылар арасында COVID-19 ауруы жоқ екенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар