Оқ атылған түні не болды?: Руслан Берденовке жасалған қастандықтың астары
Фото: Мәжіліс
21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты жаңа деректер мен күдіктінің кім екені жайлы тың мәліметтер шықты.
Orda.kz прокуратурадағы дереккөздердің мәліметін қарап шықты. Ернар Жиенбай мен Руслан Берденовтің арасындағы жанжал жақында өткен жиыннан кейін ушыққан.
Қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй құрылыс» компаниясының директоры қатысқан жиында Берденов күдіктіге ескерту жасап, залдан шығарып жіберіпті. Осыдан кейін әкімнің орынбасары «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС қызметін тексеруді тапсырып, Жиенбайды қызметінен босату туралы шешім қабылдаған. Тергеу нұсқасы бойынша, шабуылдың басты себебі — осы оқиғалар болуы мүмкін.
Жиенбай бес рет оқ атқан. Мәліметтерге қарасақ, оның мақсаты — шенеунікті өлтіру болған. Күдіктіден 10 оқ-дәрі табылған. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, шабуылды Берденовтің жүргізушісі тоқтатқан. Ол көлікпен күдіктіні қағып өткен.
Бастапқыда, Берденов оққа ұшты деген мәлімет пайда болғанда көптеген ақпарат көздерінде күдікті туралы оның бұрын қарамағында жұмыс істегені жазылды. Бұған дейін тараған полиция мәліметінде шабуыл жасауына «жұбайына тиіскені» себеп болды деген нұсқа да айтылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова әлеуметтік желіде тараған күдіктінің әйелі мен Руслан Берденов арасындағы жақын қарым-қатынасқа қатысты нұсқаларға жауап берді.
«Жаңа ғана полиция департаментінде күдіктінің жұбайымен сөйлестім. Әйел адам куәлік беру үшін келген. Оның айтуынша, ол Руслан Берденовті мүлде танымайды, ешқашан сөйлесіп те көрмеген» деп жазды Жұмагұлова.
Respublica партиясының тең төрағасы Бейбіт Әлібековтің айтуынша, оқиға Шымкенттегі құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, Берденовке оқиға болар күні қоқан-лоққы көрсетілген.
«Менің ойымша, бұл шабуыл құрылыс саласында тәртіп орнатуға қатысты. Бұны букмекерлік кеңселермен байланыстыру қисынсыз көрінеді. Бүгін ғана осы тақырыпта жиналыс өтті. Маған Русланға бұған дейін қоқан-лоққы жасалғаны жайлы ақпарат жетті» деп жазды Әлібеков.
Сонымен қатар, түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, ол «Сайга-12» деген аңға шығатын мылтығымен бес рет оқ атқан. Күдікті — 1994 жылы туған Ернар Жиенбай. Ол Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман болып жұмыс істеген.
Бейбіт Әлібековтің жазуынша, Ернар Жиенбай бұрын Руслан Берденовтің тікелей қарамағында жұмыс істеген.
«Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, оқ атқан адам әкімдікке қарасты серіктестіктің басшысы болған. Жуырда ғана қызметінен босатылған» деп жазды Әлібеков.
Күдіктінің бұрынғы сыныптастары мен таныстарының айтуынша, ол Шымкент қаласындағы №50 мектепте оқыды, бірақ бұл мектепке тек 11-сыныпта келген. Отбасының құқық қорғау органдарында таныстары бар деген дерек бар. Әкесі прокуратурада жұмыс істеген деген мәлімет те шықты.
2024 жылы Жиенбай «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болып тағайындалған. Бұл ұйым мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Жаңа қызметінде ол бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің неге шабуыл жасағаны жайлы әзірге ресми түрде мәлімдеме жасалған жоқ.
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол жұмысқа қатысты жаңалықтарды жиі салып отырған.
Қазіргі уақытта, қарулы шабуыл жасалуына байланысты полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, Берденов ауруханада есін жиды және сөйлеуге шамасы келеді. Алайда, оның жағдайы әлі де ауыр, бір қалыпты деп бағаланып отыр.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жедел ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
- Тегеранда Хаменеидің келіні мен күйеу баласы мерт болды: Қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
- Странджа кубогы: Қазақстан ерлер құрамасының екі боксшысы жартылай финалға өтті
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады