Нұрайдың шағымын елемеген полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: zakon.kz
Нұрайдың шағымын елемей, қызды қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Сенат қабырғасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық істер олар қызметтен босатылған күні-ақ қозғалған.
«Сол күні-ақ министрлік тәртіптік комиссия аясында Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысын, оның орынбасарын, полиция басқармасының басшысын атқарып отырған қызметтерінен босату, сондай-ақ жәбірленушінің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде шара қолданбай, істі номенклатуралық іске тіркеп қойған лауазымды тұлғаларды жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар сол күні Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласына іссапармен барып, салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады», — деді ол.
Айта кету керек, жергілікті полицияның басшысы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары Құрманбек Сахов қызметтен босатылды. Ал қылмыстық істер, болжам бойынша, қыздың өтініштеріне дер кезінде жауап бермеген қатардағы полиция қызметкерлеріне қатысты қозғалған.
Еске салайық, 20 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттерін тексеруді тапсырған болатын.
Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыз:
- «11 жеріне пышақ сұққан»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан қыздың денесі туыстарына берілді
- Тоқаев Нұрайдың өлімінен кейін Шымкент полициясының жұмысына баға беруді тапсырды
- Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады