Назарбаевқа қатысты офшор Алматы маңында заңсыз жер иеленген
Фото: nazarbayev.kz
Алматы облысының Қырғызстанмен шекаралас аймағында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысы бар ондаған гектар жердің шетелдік офшорлық компанияның бақылауында екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Выход к морю Telegram-арнасының мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен миллиардер Владимир Кимге қатысы бар Нидерландтық Noord Holland Trading Company B.V. компаниясы Алматының элиталық ауданында бірнеше ондаған миллиард теңгенің құнды мүлкін иеленіп отыр. Заң бойынша, шетелдік компаниялардың Қазақстанның шекара маңындағы аймақтарында жерге иелік етуіне тыйым салынған.
Бұл мүлік Алматының Юбилейный шағын ауданында орналасқан, яғни Назарбаевтың бұрынғы резиденциясының тура қарсысында. Бірқатар нысандар мемлекет меншігіне қайтарылғанымен, шамамен 13 гектар жер мен бірнеше зәулім сарайлар Noord Holland компаниясының бақылауында қалып отыр. Бұл офшордың нақты бенефициарларының бірі Лихтенштейнде жасырылған.
Аумағы 35 гектар жаңа жер телімі
Жақында белгілі болған жаңа жер телімі 35 гектарды алып жатыр және құрылысқа толықтай дайын. Бұл аймақта элиталық виллалардан бөлек, бірнеше ауқымды сарай бар. Солардың бірі кезінде Назарбаевтың жақын серігі әрі қаржыгері болған Владимир Ни отбасына тиесілі.
Кейбір деректерге қарағанда, тағы бір зәулім үй миллиардер, «Қазақмыс» корпорациясының тең иесі Владимир Кимге тиесілі. Ол Владимир Ни қайтыс болған соң, Назарбаевтың айналасындағы ықпалды топтың біріне қосылған.
Назарбаевтың да осы аймақтағы бірнеше нысанға «Байтау» қоры және «Капитал Invest 2021» ЖШС арқылы иелік ететіні айтылуда. Құрылыс нысандарының жартысы «Алмалы» және «Наурыз» компаниялары арқылы бақыланады. Бұл компаниялардың түпкі иесі — сол Noord Holland Trading Company B.V.
Бұрынғы президент «Алатау» шипажайын осы офшорлық компанияға нарықтағы бағасынан үш есе арзан — 50 миллион долларға сатып жіберген.
«Қазақстан заңдары бойынша, шетелдік компаниялардың жер иеленуіне тікелей тыйым салынбаған, бірақ белгілі бір шектеулер бар. Аталған учаскелердің бәрі Қырғызстанмен шекараға жақын – 25 шақырым радиуста орналасқан. Заңнамаға сәйкес, егер шетелдік компания үш ай ішінде осы аймақтағы жерді сатып алса және оны қазақстандық меншік иелеріне қайта рәсімдемесе, мемлекет оны тәркілеуге міндетті» деп жазады telegram-арна.
Ал Noord Holland офшоры бұл нысандарды бақылауында ұстап отыр. Выход к морю арнасы бұл Назарбаев активтерін жасыру үшін қолданылған заңды әдіс болуы мүмкін деп болжайды. Дәл осы компанияда Владимир Ким мен Эдуард Огай өздерінің миллиардтаған долларлық активтерін тіркеген.
Бұл жер учаскелерінің нарықтық құны 30 миллиард теңгеден кем емес, ал сарайлармен бірге есептегенде, активтің жалпы бағасы 50 миллиард теңгеден асып кетуі мүмкін.
Жаңалықтар
- Burger King жанжалы: Шетелден келген басшы инклюзив жігітті қудалап жатыр ма?
- Бадам өзенінен тас ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды
- Тоқаев Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 турнирі жеңімпаздарын марапаттады
- Алматыда ерекше балаларды оқытатын тағы бір мектеп жұмысын тоқтатуға мәжбүр
- Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды
- Ресей президенті Қазақстанға мамырда келеді
- «Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өтті: Шымкенттік клубты кім сатып алды?
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге: Әкімдік қыруар қаражаттың себебін түсіндірді
- Жамбыл облысында 73 жастағы «жерленген кейуана» үйіне оралды
- Мемлекет басшысы кәсіби сумо балуаны Ерсін Балтағұлды қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
- Шетелден көлік алмақ болған ер адам сан соғып қалды: «Делдалдарға» үкім шықты
- Отарда сарбаз ауыр жарақат алды: Қылмыстық іс қозғалды
- Михаил Шайдоровтың мемлекеттен ресми қанша қаражат алатыны белгілі болды
- Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерге жоспарлы тексеру жүргізеді
- Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін кімдер бақ сынайды?
- Қазақ тілі – кедейлердің, арба сүйрегендердің тілі: Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның басы дауға қалды
- Қазақстандық хоккейшілердің намысына тиген ресейлік комментатор жазаланды
- Спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Сабыржан Махметов көз жұмды
- Украинаның экс-энергетика министрі ұсталды