Назарбаеваның фирмасына артықшылық берген бұрынғы ҰҚК генералы бостандыққа шықты
Фото: Orda.kz
Бұрынғы ҰҚК шекара қызметінің басшысы Дархан Ділманов түрмеден босатылды. Ол екі жарым жыл бұрын қызмет бабын асыра пайдалану ісі бойынша сотталған еді. Бұл іс шекарада болған дауға және Назарбаев әулетіне байланысты деген ақпарат тараған. Orda.kz генерал «ескі гвардияның» өкілі қалай сотталғанын және ол жайлы не белгілі екені жайлы баяндайды.
Ділманов тергеу изоляторында өткізген уақытын қоса есептегенде тағайындалған мерзімді толық өтеді.
«Сұрауда көрсетілген сотталған жазасын сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеді. Сот белгілеген жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды» деп хабарлады Orda.kz редакциясына ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Сот және үкім
Оған үкім 2023 жылдың желтоқсанында шықты. Сол кездегі елдің бас шекарашысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Қымбат мүлкінен, әскери және құрметті атақтарынан айырылды.
Дариға Назарбаеваға арналған «жасыл дәліз»
Істің басталуына пандемия кезінде қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу себеп болды. 2020 жылы, COVID шектеулеріне байланысты Қытаймен тауар айналымы тоқтап қалғанда, үкімет шекарадағы жұмысты жеңілдетуді тапсырды. Сол кезде Ділмановтың нұсқауымен «Нұр жолы» өткізу пунктінде Eurotransit Cargo ЖШС үшін арнайы «жасыл дәліз» схемасы жасалды. Бұл компанияның жүк көліктері бәрінен жылдам өтетін.
Дариға Назарбаеваның отбасымен байланысы бар бұл фирма 1750 рейс жасап, төрт миллиард теңгеден астам пайда тапты. Басқа тасымалдаушылар компанияның оларды нарықтан ығыстырып жатқанын айтып шағымданды. Тергеу генералдың оның мүддесін лоббилеп, монополиялық жағдай жасағанын анықтады.
Бұл іс бойынша Ділманов және оның орынбасарлары бар сегіз адам сотталды. Барлығы кінәсін мойындады. Логистикалық кешеннің иесі, кәсіпкерлердің бірі, мемлекетке бес миллиард теңгеден асатын мүлкін өз еркімен берді. Генералға қарағанда, оның серіктері бостандығынан айырылмайтын жеңілірек жаза алды. Бірақ оларға да мемлекеттік қызметке жол біржола жабылды.
Мәнсабы және құлдырауы
Генерал-лейтенант Дархан Ділманов 2015 жылғы шілдеден 2022 жылғы сәуірге дейін Қазақстан шекара ведомствосын басқарды. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен кетті. Сол кезде Қазақстанға Кәрім Мәсімов пен оның командасына қатысы жоқ жаңа әскери басшылар керек еді. Дархан Ділманов дәл сол «ескі гвардия» генералының қатарында болатын.
Оны сол жылдың маусымында қамауға алды. Үкімнен кейін сот шешіміне шағымдануға тырысқанымен, нәтиже болмады.
Дархан Ділманов — сотталған ҰҚК шекара қызметінің екінші директоры. Оның алдындағы Нұрлан Жұламанов 2015 жылғы наурызда аса ірі көлемде пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару айыптарымен кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталған болатын.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті