«Наказненконың ісі»: Қазақстан Ресей азаматына саяси баспана беруден бас тартты

cover Фото: t.me/babayagaprotiv

Адвокат Мұрат Адам Қазақстандағы босқын мәртебесін беру комиссиясының шешіміне қарсы пікірін жариялады. Комиссия Ресей Федерациясының азаматы, жартылай украиндық Евгений Наказненкоға баспана беруден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл шешімнің қандай да бір негізде қабылданғаны туралы ешқандай түсініктеме берілмегенін айтқан адвокат, қорғаушы ретінде ұсынған дәлелдерінің де ескерілмегенін атап өтті.

«Босқын мәртебесін беру комиссиясы шешімін ешқандай негіздемесіз қабылдады. Мен ұсынған дәлелдер, оларды мемлекеттік орган өкілдері теріске шығарған жоқ, әрі оларды заңды тұрғыда бағалау қажеттілігі туындаған жоқ», – деп жазды адвокат. 

Мұрат Адам шешімнің заңсыз екендігін айтып, Алматы сотына шағым түсіретінін хабарлады. 

Еске сала кетсек, Евгений Наказненко — Ресей азаматы, жартылай украиндық, Өскемен қаласында «Oxford Team» тіл мектебін ашқан кәсіпкер. 2020 жылы ол Қазақстанға оралып, Украинаға гуманитарлық көмек жіберуге көмектесті және тіл мектебінде қазақ тілін оқыту курстарын ашты. Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін, Наказненко соғысты және Ресей саясатын ашық түрде сынап, әлеуметтік желіде бейнежазбалар жариялаған.

2023 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы әуежайында оны Түркияға ұшып бара жатқанда тұтқындады. Ресей оны «терроризмді ақтағаны» үшін айыптап және армия туралы жалған ақпарат таратқаны үшін іздеу салған.

Наказненко экстрадициялық қамауда болды, ал 2023 жылдың қараша айында Алматы соты оның қамау мерзімін 2025 жылдың қыркүйек айына дейін ұзартты.

Наказненконың жақтастары Қазақстан билігіне оның Ресейге экстрадицияланбауы туралы өтініш жинады. Өйткені олар оның қауіпсіздігіне алаңдаған. Енді міне Қазақстан оған саяси баспана беруден бас тартты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар