«Мысқылдап отыр»: Адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыруды талап етті
Фото: Orda.kz
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотталушылардың адвокаты прокурорды ауыстыруды талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушылардың адвокаты прокурор Дана сәрсенбайды Ауыстыруды сұрады.
Бүгін сотталушылар жауап беріп жатыр. Бірінші болып Дархан Әскентай сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Нұрғанаттың қолында мылтық болғанын, марқұм Шерзаттың оны ұрғанын алға тартты. Сотта адвокат пен прокурор сөзге келіп қалды. Себебі бұған дейін Шерзат ұрды деп келген Дархан Әскентай бүгін оның қолында кастет болғанын айтып, ауыр соққы алғанын мәлімдеді. Еске сала кетсек, бұған дейінгі жауаптарынта сотталушы мұндай сөз айтпаған болатын.
Әскентайдың адвокаты прокурор Дана Сәрсенбайды дауыс көтеріп, бұрмалап сұрақ қойып жатыр, қысым көрсетіп жатыр деп отыр.
Осыдан кейін бүкіл айыпталушылардың адвокаттары бір ауыздан прокурорды ауыстыруды сұрады.
Олар прокурордың эмоцияға беріліп кеткенін айтты.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай өткен сот отырысында айтқан «біз жәбірленуші жақпен бір жақпыз» деген сөзін алға тартып, істі обьективті қарауға кедергі жасайтынын мәлімдеді. Адвокаттардың сөзінше бұл мемлекеттік айыптаушы айтатын сөз емес.
Айыпталушы Дархан Әскентайдыі әпкесі:
«Прокурор Сәрсенбай бізге мысқылдап отыр, іштей сөйлеп отыр. Мысқылдамасын, біздің де жағдайымыз оңай емес», — деді ол.
Сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай қорғаушылардың өзіне қатысты айтқан сөзге қатысты пікір білдірді.
«Менің эмоциялық жағдайым туралы айтып жатыр. Бірақ олар оны қайдан біледі? Мен онымен бірге тұрмаймын ғой», – деді прокурор.
Сондай-ақ, Сәрсенбай жәбірленуші тарап емес, айыптау тарабының өкілі екенін атап өтті:
«Мен жәбірленуші жақпен емес, айыптаушы жақпен бірге екенімді айттым. Шатастырмаңыздар», – деп атап өтті ол.
Прокурор өтінішті негізсіз деп есептейтінін айтып, судьядан оны қанағаттандырмауды сұрады. Судья кеңесу бөлмесіне кетті. Сұдья Ержан Жаұзақов прокурор Дана Сәрсенбайды соттан шеттедуге негіз жоқ деп айыпталушылардың адвокаттарынынң талабын қанағаттандырмады.
Бұған дейінгі сотта тілшілеріміз үзіліс кезінде адвокаттардан хуторлықтар мен Чика деген лақап аты бар азамат жайлы сұраған еді. «Делайте» деп бұйрық берген Чика деген лақап аты бар адам сотта куәгер болып жауап берді.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген болатын. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті