Microsoft, Apple және Tesla: Иран АҚШ-пен байланысы бар алпауыт компаниялардың күлін көкке ұшырмақ

cover Фото: Tahreer Photography

Ислам революциясы сақшылар корпусы Иранға жасалған шабуылдарға жауап ретінде АҚШ-пен байланысты компанияларға соққы беруге уәде етті, деп хабарлайды Orda.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Иран бірқатар америкалық және АҚШ-пен байланысты компанияларға шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті. Тіпті оларды Иранға қарсы «террористік операцияларға» қатысы бар деп айыптады. 

Иран ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы америкалық компаниялар Иранға қарсы соққыларды жоспарлау мен бағыттауға көмектесті деп есептейді. 

Тізімге ірі технологиялық корпорациялар мен электроника және чип өндірушілер (Cisco, HP, Intel, Oracle, Microsoft, Apple, Google, Meta, IBM, Dell, Nvidia) мен  өнеркәсіптік және аэроғарыш компаниялары (GE және Boeing) енгізілген. Сонымен қатар тізімде Tesla және БАӘ-нің G42 жасанды интеллект тобы да аталған.

Ислам революциясы сақшылар корпусы  мұндай операцияларға қатысы бар ұйымдарды «заңды нысана» деп жариялады. Сондай-ақ тізімдегі компаниялардың қызметкерлерін жұмыс орындарын тастап кетуге шақырды. Ал жақын маңда орналасқан тұрғындарды кемінде 1 км қашықтыққа алыстауға шақырды. Мәлімдемеде Иран алғашқы соққыларды 1 сәуір күні Тегеран уақытымен сағат 20:00-де бастайтыны айтылған.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар