«Мен баламды мақтан тұтамын»: Хасанның анасы прокурордың жауап беруін сұрады
Фото: Orda.kz
Бүгін Алматы облысы Талғар қаласында Хасан Қасымбаевқа прокурордың сұраған жазасына наразылық білдіріп тұрғындар сот алдына жиналды, деп хабарлайды Orda.kz
Қазақстандағы ең атышулы адамдардың бірінің соты аяқталуға таяды. Еске сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда қаза тапқан Шерзат Полаттың оқиғасы Қазақстанды дүр сілкіндірді. Осы жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған. Шерзаттың ісінен кейін «хуторлық» баскесерлер жайлы қауесет тараған. Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Хасан Қасымбаев: «Менің арым таза, заң бұзған жоқпын» деген еді. Алайда 4 қараша күні ол қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды. Тергеу шілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау актісін бекітіп, істі сотқа жіберді.
Қылмыстық іс бойынша Қасымбаевпен бірге тағы бес адам: Сайлау Ақтанов, Данияр Асқаров, Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков жауапқа тартылып жатыр. Олар адам ұрлау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айыпталған.
28 қазан күні прокурор Ерлан Құланбаев Хасан Қасымбевпен тағы басқа айыпталушыларға қатысты жаза сұрады.
Прокурор Хасан Қасымбаевқа он бес жыл, ал қалған айыпталушыларға тоғыз жыл сұрады.
Бүгін кезекті сот отырысына Талғар қаласының тұрғындары, соның ішінде Хасанның анасы Нұрәкімова Гүлнәр, туыстары, достары келіп прокурордан қандай негізге сүйеніп он бес жыл сұрағанына жауап беруін талап етті.
«Қарашаның екісінен бастап менің балам тергеу изоляторында отыр. Тергеу кезінде және сотта баламның кінәсі дәлелденген жоқ. Мен прокурорға келіп отырмын. Жауап берсін. Неге он бес жыл сұрады? Жауап берсін. Әділетті болады деп еді. Қазақстанда әділеттілік жоқ», — деді Хасанның анасы.
«Хасанның ісіне Жоғарғы сот пен бас прокуратураның тікелей қатысы бар. Мен заңгер ретінде айтарым, Хасанды ешқандай айғақсыз соттағалы жатыр. Сонымен қатар прокурордан алдымызға шығып жауап беруін талап етеміз», — деді заңгер Қуат Ауғанбек.
Еске сала кетсек, 14 қазанда Хасан Қасымбаев жауап берді. Ол Шерзаттың ісіндегі айыпталушыларды және осы істегі жәбірленуші Тәжиевті танымайтынын ашық айтты. Екінші жәбірленуші Арман Әлімовті ұрып-соқты деген айыпты Хасан жоққа шығарды. Адвокаттар жәбірленушінің бұрынғы қылмысын алға тартты. Ал прокурор бұрынғы оқиғаның бұл іске қатысы жоқ екенін атап өтті.
Бүгін 15 жыл жаза беруді сұраған прокурорға наразы болған Хасан Қасымбаевтың анасы Нұрәкімова Гүлнәр онымен жолыққанда: «Мен баламды мақтан тұтамын» деп даусын көтере сөйледі.
10 қараша күні сотталушылар соңғы сөзін сөйлейді.
Orda.kz тілшісі алдағы уақытта соңғы сөз бен үкім жайлы ақпарат таратады.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкентте кәсіпкер мен тоқалының арасында дау шықты
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады