Мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ ұсталды
Фото: Қырғызстан ҰМҚК
Қырғызстанда қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолданып, билікті қарулы түрде басып алуға әрекеттенген бес азамат ұсталды.
Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.
«Билікті күшпен басып алуды және жаппай тәртіпсіздіктер арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды жоспарлаған топтың әрекеті тоқтатылды. Қ.Б.А., М.Е.Ж., Б.Б.К., М.А.Ж. мен С.А.Б., ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады ведомство.
Топ қылмыстық идеология мен радикалды діни көзқарастарды қолдайтын тұлғалардан құралған. Тінту кезінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың құрамдас бөліктері, атыс қарулары, оқ-дәрілер, рациялар, броньдар, полиция киімдері, дрондар мен экстремистік әдебиеттер табылды.
Оқиғаға қатысы бар басқа адамдарды анықтау үшін қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды