Мемлекет басшысы Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

cover Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған қарулы шабуыл салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты Канада премьер-министрі Марк Карниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Жеделхатта мемлекет басшысы қайғылы оқиғаға байланысты Канада халқының қайғысына ортақ екенін білдіріп, марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Алдыңғы аптада Қазақстан президенті  Жапонияның солтүстігінде болған күшті қарлы боран салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитиге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Оқи отырыңыз: 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар