Медеуде тікұшақ жұрттың зәресін ұшырды: Авиация сарапшысы қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын мәлімдеді
Бейнежазба скриншоты
Алматыда «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы «Медеу» спорт кешені маңындағы алаңнан қауіпті түрде көтеріліп, адамдарға қатер төндірді. Желіде тараған видеодан әуеге көтеріліп жатқан әуе көлігінің адамдардың үстінен өте төмен биіктікте ұшып өткені көрінді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Тікұшақ «Медеу» спорт кешені ауданындағы ресми алаңнан алдын ала берілген тапсырыс бойынша жоспарлы ұшуды жүзеге асырды. Әуе кемесін мол ұшу тәжірибесі бар, біліктілігі расталған тәжірибелі ұшқыш басқарды. Ұшуға дейін бортмеханик азаматтарға қауіпсіз қашықтық сақтау қажеттігін ескерткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде желдің бағыты мен күші күрт өзгеріп, бұл жағдай әуе құрылғысының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері ішкі тексеріс аясында анықталуда. Әуе көлігін жедел әрекет ету бригадасы тексерді – техникалық ақаулар анықталған жоқ» деп хабарлады «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі.
Алайда ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Серік Мұқтыбаев экипаждың әрекетінде «Азаматтық авиацияда ұшуларды жүзеге асыру ережелерінің» өрескел бұзылу белгілері бар деп санайды. Оның айтуынша, таулы аймақта ұшулар ерекше қауіпсіздік шараларын талап етеді: ауа райы жағдайларын талдау, жер бедерін бағалау, турбуленттік кезде ұшуға тыйым салу және алаң периметрінің қорғалуын қамтамасыз ету қажет.
«Бұған дейін де уәкілетті органдардың назарын осындай ұшуларға аударған едім. 2023 жылғы қыста Қөкжайлау маңында ТЖМ ұшқышы туристік соқпаққа қонып, өтіп жатқан адамдарға қарамастан қауіпті қашықтықта ұшу және қону әрекетін жасаған. Жауап ретінде «ұшқыш тәжірибелі, ұшулар әкімдіктің тапсырысы бойынша болған» деген жауап келді. (Куәгерлердің айтуынша, бұл — шаңғышыларды тау шыңына жеткізу болған). Жаңа видеодан көрініп тұрғандай, ТЖМ-де ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары дұрыс жүргізілмейді. Ұшу қауіпсіздігі қамтамасыз етілгені туралы дайын жауаптар ғана беріліп, нақты қорытынды жасалмаған. «Біз адамдарды ескертіп едік, сонымен болды!» дейді. Алайда бұл – азаматтық авиация ережелерінің өрескел бұзу» деп жазды авиация сарапшысы Facebook парақшасында.
Мұқтыбаевтың пікірінше, экипаж алаңда адамдар көп жиналғанын көре отырып, қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етуі керек еді – алаң мен ұшу траекториясы периметрін қоршап, жердегі қызметтерді немесе полицияны тартып, адамдарды қауіпті аймаққа жібермейтіндей шара қабылдауы тиіс еді. Ол бұның бәрі авиациялық оқиғаға алып келуі мүмкін деп санайды және уәкілетті органдар тарапынан тергеліп, тек экипаж емес, басшылық та жауапкершілікке тартылуы тиіс деп есептейді.
«Видеодан байқағанымыздай, тікұшақтың тік көтерілуге қуаты жетпей, ол ұшақтыкіндей траекториямен, адамдар жаққа қарай ұша бастайды және тек ағаштарға соғылмайтындай биіктікке ғана көтеріледі. Жақсысы – адам шығыны болған жоқ. Бірақ осындай ережелерді елемеу кейде қымбатқа түседі» деп қорытындылады авиация сарапшысы.
Жаңалықтар
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм
- «Менде оны үлгі тұттым»: Дмитрий Бивол Головкинмен кездесуі туралы айтып берді