Мас күйі 3 балықшыға оқ жаудырған ер адам 15 жылға сотталды

cover Фото: Envato

Алматы облысында ішімдікке сылқия тойған ер адам балықшыларға оқ атты. Сот кісі өлтіруге оқталған айыпталушыны 15 жылға соттады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот шешімімен «Т» есімімді азамат кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Оқиға 2024 жылдың 26 қазанында болған еді. 

Ер адам Қонаев — Бақанас тас жолының маңында орналасқан шаруа қожалығында отырып ішімдік ішкен. Сол күні кешкі сағат 22.00 шамасында Іле өзенінің жағалауында балық аулап жүрген 3 адамды көріп, оларға оқ жаудырған. Нәтижесінде жәбірленушілер әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Дәрігерлер уақытылы медициналық көмек көрсетіп, олардың өмірін сақтап қалды. 

Айта кетейік, Семейде жарыстан қайтқан Азия чемпионы жол апатынан опат болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар