Маңғыстаудағы Бейнеу полигонында әскери қызметші қаза тапты
Фото: Pexels
17 ақпанда Маңғыстау облысы аумағындағы Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші оқ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Құрлық әскерлерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметші қарумен жұмыс істеу кезінде өмірге қауіпті жарақат алған.
Оқиға бойынша Батыс өңірі әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай мен себептер анықталып жатыр.
Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына комиссия жіберілді. Оны қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев басқарады.
Қарулы Күштердің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы ортақ ұстанымдарын нақтылады
- Маңғыстаудағы Бейнеу полигонында әскери қызметші қаза тапты
- Түркістан облысында газ құбыры маңында көлік өртенді
- Burger King-тегі дау: Компания шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды
- Алматылықтар жер сілкінісін сезді
- Түркістанда тағы да жантүршігерлік оқиға: Басына секіріп, өлімші етіп сабаған
- Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
- Ақша берді ме? Қостанайлық полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалған
- 4 баласы бар: Пашинян азаматтық некедегі әйелімен ажырасты
- Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
- Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады
- АҚШ-та мектептегі хоккей матчында атыс болды: Үш адам оққа ұшты
- Түркістан облысында 4 жасар балақай 5-сынып бағдарламасын меңгерген
- Burger King желісіндегі дау: Басшылардың бірі уақытша шеттетілді
- СҚО-да ер адам танысының қолынан қаза тапты
- Тоқаев Си Цзиньпинді жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- Екі құрбысы ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамай отыр
- «Қайта ұсталды»: Теміртауда полицейлер күдіктіден көз жазып қалған
- Burger King жанжалы: Шетелден келген басшы инклюзив жігітті қудалап жатыр ма?
- Бадам өзенінен тас ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды