Маңғыстауда ереуілге шыққан 26 жұмысшы жұмыстан босатылды
West Oil Software компаниясының 26 жұмысшысының ереуілін сот заңсыз деп тапқан соң олар жұмыстан шығарылды.
Бұл туралы Vlast хабарлайды.
Жетібай ауылындағы WOS жұмысшыларының ереуілі 11 желтоқсанда басталған. Олар өз ұйымын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қабылдап, ҚМГ-дағыдай бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне көшіруді талап етті. 12 желтоқсанда Қарақиян аудандық соты ереуілді заңсыз деп таныды.
13 желтоқсанда сот шешімі негізінде West Oil Software компаниясы басшылығы ереуілдің жеті қатысушысын жұмыстан шығарды. Тағы 19 адамның жұмыстан босатылғаны 15 желтоқсанда белгілі болды.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ереуілшілердің талабына жауап беріп, олар ұлттық компанияның мердігері WOS көлік паркін жаңартуды жоспарлап жатқанын хабарлаған болатын. Олар үш жыл ішінде ол жерден 202 көлік сатып алмақшы. Бірақ ҚМГ ұйымды өз құрамына қабылдауға және қызметкерлерін бірыңғай еңбекақы жүйесіне көшіруге дайын емес.
Өз кезегінде Маңғыстаудағы басқа ұйымдардың жұмысшылары ереуілшілерді қолдап, еңбек дауына байланысты қысымды тоқтатуды талап етіп, президентке үндеу жазды.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты