«Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылардың қайтыс болуына байланысты 6 адам сотталды
Фото: Павлодар облысы ТЖД
«Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылардың қаза болуы туралы іс бойынша 6 айыпталушы түрлі мерзімге сотталды. Сот оларды ҚР ҚК 277-бабы бойынша (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) кінәлі деп тапты. Сотталғандар арасында кәсіпорынның бұрынғы бас директоры да бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталушылардың әрқайсысының кінәсі бес айға жуық сот процесінде жиналған материалдардың жиынтығымен дәлелденді. Куәгерлерден, жәбірленушілерден, мамандардан жауап алынды. Сот мәліметінше, апат себептері бойынша сараптамалық қорытынды айыптауға негіз болған.
Экс-директор төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Екі адам үш жарым жылға, тағы екеуі үш жылға сотталды. 75 жастағы алтыншы айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылдың қаңтар айында Баянауыл ауданында болған еді. Төрт құтқарушы мінген автобус шахта аумағында пайда болған шұңқырға түсіп кетті. Іздеу-құтқару операциясы алты айға созылды. Осы уақыт аралығында 4 құтқарушының денесі мен автобус қалдықтары табылды. Іс алдымен аудандық сотта қаралды. Бірақ судьялардың отставкаға кетуіне байланысты іс Екібастұзға ауысты.
Ақпан айында сот өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы екі қызметкерінің бостандығын шектеуге үкім шығарды. Олар немқұрайлылық үшін кінәлі деп танылды. Тергеу олардың 2016 жылдан бері «Майқайың алтынындағы» заң бұзушылықтар туралы біле тұра салғырттық танытқанын атап өтті.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаев пен оның серіктеріне қатысты істі қайта қарау үшін адвокаттары апелляциялық сотқа арыз жазды.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді