Мәдениет министрлігі журналистер Ниязов пен Маричеваға тағылған талаптарды түсіндірді

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов белгілі журналистер Джамила Маричева мен Асхат Ниязовқа қатысты істерге пікір білдірді. Маричеваға «жалған ақпарат таратқаны үшін» айыппұл салынды, ал Ниязовқа қайта жариялағаны үшін айыппұл салмақ болды.
Мәселен, Маричева мен Ниязов туралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметкерлері берген еді. Осы орайда, журналистер Ысқақовтан департаменттің неліктен кей жағдайда ұсыныстар жіберсе, кей жағдайда құқық қорғау органдарына шағымданатыны жайында сұрады.
«Жалған ақпарат тарату заңда көрсетілген, сәйкесінше, министрлік тиісті материалдарды құқық қорғау органдары мен сотқа жолдады», - деді Ысқақов.
Келесі кезекте ол «ProTenge» арнасының (құрылтайшысы Маричева) "Азаттық Радиосындағы" әріптестері жайындағы шығарылымы қоғамға қандай қауіп төндіреді деген сұраққа жауап берді.
«Біріншіден, қоғамға қауіпті деген сұрақ орынсыз. Жалған ақпарат тарату фактісі бар. Оның зияны бар жоғын біз шешпейміз. Біз тек фактіні белгілеп көрсетеміз. Біздің журналистердің барлығы заң талаптарын орындайды. Бізде жаппай болды ма (қудалау фактілері – редактордың ескертпесі)? Біз сіздермен әріптеспіз, бәріңізді білемін, бәріңізді құрметтеймін. Қоғамдық қауіп демекші: бір адам көлікпен қызыл шамға өтті, бірақ оны ешкім байқамады. Бұл қоғамға қауіп төндірмейді деп жүргізушіні де жауапқа тартпаймыз ба? Егер заң бұзушылық фактісі болса мұндай логика дұрыс болмайды. Олардың келіспеуі басқа мәселе, бірақ сот шешімін шығарды», - деп жауап берді ол.
Бұған дейін БАҚ туралы заң президентке қол қоюға жіберілгені хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бас прокуратура Олеся Кексельдің ұсталғанын растады
- Перизат Қайрат сотында Головкиннің 10 млн теңгеге сатылған қолғаптары сөз болды
- Павлодарда көлік ұрлап қашқан ер адам апатқа ұшырап, оқиға орнында көз жұмды
- «Кінәсін мойындамады»: Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шақыруды талап етті
- Руслан Желдібай халықаралық ұйымдағы жаңа қызметке тағайындалды
- Перизат Қайрат ісі: прокурорлар алаяқтық схемасын жария етті
- Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев екі айға қамауға алынды
- Елімізде 700-ден астам талапкер негізгі ҰБТ емтиханынан өтпеді
- Бір тамшы су көрмеген: Түркістандағы егіндер қурап, шаруалар шаш етектен шығынға батып қалды
- Сәтбаев қаласында әкімдік қызметкері құмар ойын ойнағаны үшін жұмысынан қуылды
- Қостанайдағы президент резиденциясы балаларды оңалтатын орталыққа айналады
- Президент резерві: Тоқаев бюджеттен миллиардтарға жедел қол жеткізе алады
- Халық игілігі үшін: Алматы облысында қайтарылған қаржыға амбулаториялар салынып жатыр
- Гүлнар Бажкенова: «Ордадағы» ахуал, Ақордадағы жанжал және Нью-Йорктегі «қосалқы алаң» туралы
- «Барлау жүйесін іштен бұзу»: Трамп командасы АҚШ арнайы қызметтерінің хаттамаларына қол жеткізбек
- Алматы тауларында туристер мен балалар шұғыл эвакуацияланды
- Израиль соққысы кезінде Иран президенті жараланды