Мадагаскар президенті жастардың жаппай наразылығынан кейін елден қашып кетті
Фото: Wikimedia
Мадагаскарда екі аптадан астам уақытқа созылған жаппай наразылық әлі тоқтамады, деп хабарлайды Orda.kz.
Наразылық қыркүйек айының соңында су мен электр қуатының жетіспеушілігінен басталған еді. Бірақ халықтың наразылығы тез арада саяси талаптарға айналды. Яғни, көтеріліске шыққан жастар президент Андри Радзуэлинаның отставкаға кеткенін, сенат пен сайлау комиссиясының таратылғанын, көтеріліске шыққандардарды ұрған қызметкерлерді жазалауды талап етті.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен оппозиция өкілдерінің айтуынша, Андри Радзуэлина әскерилердің бір бөлігі көтерілісшілерге қосылғаннан кейін елден кеткен. Дереккөздер оның Сент-Мари аралында ұшаққа отырғанын және Францияның Реюньон аралына қонғанын, ол жерден БАӘ-ге барғанын айтады.
Кейінірек Радзуэлина өз халқына үндеу жасап, елде «билікті заңсыз және зорлық-зомбылықпен басып алуға әрекет жасалды» деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіз жерге кетуге тура келгенін хабарлады. Дегенмен Радзуэлина өзінің қайда екенін айтпады.
Айта кетейік, аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына келді.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті