Қырғызстанда өзге тілде жазылған маңдайшыларды жойып жатыр

cover Фото: 24kg

Ош қаласында халыққа қызмет көрсету орындарының атауларын тексеру бойынша рейд басталды, деп хабарлайды Orda.kz.

29 қазанда Ош мэриясы жанындағы Мемлекеттік тіл жөніндегі комиссия мүшелері қаладағы кафе, мейрамхана, сұлулық салоны, дүкен және басқа да нысандарды аралаған.

24.KG мәліметінше, тексеру кезінде кәсіпкерлерге нысан атауларын мемлекеттік тілде жазу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, 27 қазанда Алматы қаласы әкімдігіне Бостандық ауданының ондаған тұрғыны жиналды. Олар әлі ашылмаған №224 жаңа мектептің қазақ тілінде білім беруін талап етті. Жаңа мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. 2500 оқушыға арналған бұл мектеп — қаладағы ең ірі әрі заманауи нысандардың бірі. Алайда мектептің есігі ашылмай жатып-ақ оның оқыту тілі ата-аналар арасында қызу талқылауға түсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар