Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарға қарсы: Қазақстанның басты жекпе-жегі ме?

cover Фото: Instagram/ kuat__khamitov

Қазақстандық ММА файтер Қуат Хамитов елдегі промоутерлердің ұйымдастыруына наразы екенін білдіріп, Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов танымал актер және MMA жауынгері Еркебұлан Тоқтармен бокс ережелері бойынша кездескісі келетінін жазды.

«Мен қазақ промоутерлерінің жекпе-жектерді қалай ұйымдастыратынына шын мәнінде разы емеспін. Бұның еш мәні жоқ, шынайы масштаб қайда? Бәрі өтірік әрі түсініксіз шоу ғана. Осы жолы шынайы дүркіреп өтетін жылдың үздік кездесуі — Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар болмақ. Бұл жекпе-жектен үздігі қазақ боксында жоқ!»  деп жазды ол Instagram парақшасында.

Хамитовтың айтуынша, бұл бокс жекпе-жегі Қазақстандағы жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық тудырады және елдегі мықты шоу әрі танымалдылыққа толы жекпе-жек болмақ.

Еске сала кетейік, кәсіби бокста Куат Хамитов әзірге бір ғана жекпе-жек өткізген бір ғана жеңісі бар. Өз кезегінде, Тоқтар бұл ұсынысқа әлеуметтік желіде «Кеттік, Қуат» деп қысқа жауап беріп, жекпе-жекке дайын екенін көрсетті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар