ҚР ІІМ операция барысында 405 млн теңге есірткі тәркіледі

cover Фото: polisia.kz

Операция барысында Қазақстан полицейлері 405 млн теңге есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.

«Республика бойынша сәуір айында сәтті операциялар жасалды. Есепті кезеңде синтетикалық есірткіні өткізудің 37 фактісі және сақтаудың 37 фактісінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 13,5 келі синтетика алынды, оның қара нарықтағы құны 405 млн теңге болуы мүмкін», - деп хабарлады ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан. 


Оның айтуынша, 29 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деп толықтырды Мейірхан.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар