Көрпеге қарай көсілетін кез келді – ҚҚС мөлшермесінің артуы қазақстандықтарға не береді?

2025 жылға дейін ҚҚС мөлшерлемесін арттыру жөніндегі екі әрекет сәтсіз аяқталды. Бірақ қазір салық реформасы шешілген мәселе ретінде қарастырылып жатыр. Қазақстандықтар ҚҚС-тың өсуінен не күтеді және кімдерге көрпеге қарай көсілуге тура келеді: шенеуніктерге ме, әлде қара халыққа ма? Бұл сұрақтарға жауапты Orda.kz материалынан таба аласыз.
Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру жоспарланып жатқаны үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаевтың қатысуымен өткен 28 қаңтардағы жиында белгілі болды. Премьер-министр Олжас Бектенов пен жаңа ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық мөлшерлемесін көтеру қажеттілігі туралы айтты.
Өткен жолы ҚҚС-ты көтеруге талпынған Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен еді, алайды бұл жолы Тоқаев премьер-министрдің ұсынысын қолдап отыр. Демек, бюджет жағдайы тым қиын, сондықтан үкімет пен президент басқа балама көрмей отыр.
«Егер президент кең қоданыста жоқ шешімдер қабылдауға мәжбүр болып, бұл оның саяси ұпайларын арттырмайтынын түсінсе, онда басқа жолы қалмады деген сөз. Бұрынғы үкіметті президент отставкаға жібергенде, олар ҚҚС мөлшерін 12%-дан 16%-ға көтеруді ұсынған болатын. Жаңа премьер келіп, бірінші кезекте салықтың өсуін тоқтатады деп айтқан. Араға бір жыл салып, міне, бұл мәселеге қайта оралдық», — дейді экономист Арман Бейсембаев.
Бюджет тапшылығы — бүгін пайда болған проблема емес, бұл мәселе кемінде он жылдан бері бар. Бірақ қазір оның ауқымы қауіпті деңгейге жетті. Қарапайым үнемдеу жеткіліксіз болады.
«4,1 трлн теңге мұғалімдерге, дәрігерлерге, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне жетпейді. Оларды қысқарту мүмкін емес, даму бюджеті шынымен де кішкентай. Сондықтан мен үш жыл бойы салықтардың көтерілуін болжадым. Үкіметтің қателігі сол, олар осы мәселе бойынша коммуникация жұмысын сәтсіз жүргізді. Үш жыл бойы барлығына салықтардың төмен екенін, олардың қайда жұмсалатынын түсіндіру керек еді. Ал ҚҚС-ты осылай, күтпеген жерден көтеру, қиынға соғады», дейді қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев.
Экономика және қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов те дәл осындай пікірде. Оның айтуынша, бюджеттің коммуналдық инфрақұрылымды күтіп ұстауға және жолдарды жөндеуге бөлінген қаржысы тым аз.
«Ақша бізге жиналған салықтардан әлдеқайда көп қажет. Алда кемінде он жылу электр орталығын, он мыңдаған километр жолды жөндеу, көптеген инфрақұрылымдық жобалар бар. Үлкен жоспарлар болды — Екібастұз оқиғасы қайталанбауы үшін шамамен 10 трлн теңге қажет. Сондықтан, екінің бірін таңдау қажет — бюджеттің бір бөлігін оңтайландыру немесе салықтарды көтеру», дейді Расул Рысмамбетов.
Алайда, қандай ҚҚС мөлшері оңтайлы болады? Экономикасы тұрақты елдердің көпшілігінде салық мөлшерлемесі төмен: Канадалықтар мен БАӘ-де 5%, Таиландта 7%, Қытайда 13%. Ресей, Франция және Ұлыбританияда салық ставкасы дәл Бектенов қалағандай — 20%. Ал Венгрияда, 27% . Сондықтан көп нәрсе экономикалық жағдайларға байланысты. Бірақ Қазақстандықтар 12%-дық ҚҚС-қа үйреніп қалғандықтан, салықтың 20%-ға дейін бірден көтерілуі халықты есеңгіретіп тастауы мүмкін.
Барлығы төлейді
Экономистер бір ауыздан ҚҚС-тың көтерілуінен кейін бағалар міндетті түрде өсетінін айтады. Бизнес көбірек төлеуге мәжбүр болады, кәсіпкерлер шығындарды тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнына енгізетін болады. Бюджеттің жыртығын Қазақстан азаматтары өз ақшасымен жамамақшы.
«ҚҚС тұтыну салығы деп аталады. Бұл дегеніміз, ҚҚС-тың соңғы төлеушісі, әрине, тұтынушы болады. Яғни, бұл салықты бәріміз төлейтін боламыз. Біз күн сайын дүкенге барамыз, кафеге кіреміз, қызмет аламыз, бір нәрсе сатып алып, сатамыз: бұл үдерістің бәрі ақырында төленетін болады», дейді Арман Бейсембаев.
Бюджет тапшылығы проблемасы әлі де бар. Биыл билік жеті–сегіз триллион теңге тапшылығын күтіп отыр. ҚҚС-ты жоспарланған 20%-ға көтеру арқылы дәл сонша қаражат табуға болады. Үкімет бюджеттің жыртығын жабуы үшін азаматтардың қалталарынан ақша іздеп отыр.
«Үкіметтің экономикалық есепсіздігі мен қателіктерін біз бәріміз бірге төлейтін боламыз» — дейді Арман Бейсембаев.
Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов билікке азық-түлік бағасының күрт өсуін болдырмау қиынға соғатынын мойындайды. Бірақ әлі де болса, салықты көтерудің нақты шарттарын талқылау үшін уақыт бар, бұл экономикалық шокты болдырмауға көмектеседі.
«Менің ойымша, ҚҚС-ты көтеру жоспарланған, бірақ маңызды категориялар бойынша мөлшерлемені нөлге түсіру — азық-түлік тауарлары, медициналық қызметтер және т.б. мүмкін. Мүмкін инфрақұрылымдық жобалар да кіретін шығар. Әрине, қымбатшылық болады, себебі ҚҚС-пен бірге бағалар да өседі. Бірақ алты ай ішінде жүзге жуық талқылау өткізіп, бәрін талқылап, қандай салалар зардап шегетінін айтуға болады. Бұл үшін бизнесте адамдар бар, үкіметте сарапшылар бар, және соңғы ставканы анықтауға болады. Бизнес бұл өзгерістерге қатты жауап беріп, 20% пен 15 миллиондық шекті бірден қабылдамағаны жақсы — себебі бұл әңгіменің басы ғана», дейді Расул Рысмамбетов.
Мөлшерлеме үшін күрес
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет нақты ҚҚС мөлшерлемесі әлі анықтамағанын, бірақ көтерілу диапазоны 16%-дан 20%-ға дейін болатынын хабарлады. Үкімет нақты шешімді ақпан айында қабылдайды.
«ҚҚС-ты 20%-ға дейін көтеру — әлі толық шешілмеген мәселе. Жаңа Салық кодексі қабылданғанша кем дегенде алты ай бар. ҚҚС-ты көтеруге әрекет жасау 2016 жылы да, 2023 жылы да болған және бизнес сол кезде сәтті қарсы тұрған. Бектеновтің айтқан реформалары салықтық емес, салықтық-бюджеттік реформалар. Менің ойымша, үкімет бизнеске ауыртпалық салуды мақсат етпейді», — дейді Расул Рысмамбетов.
Кәсіпкерлер ҚҚС-тың төменгі мөлшерлемесі үшін айқын күрес жүргізеді және бұл оларды экономистер де қолдайды. Бизнестің жағында Ұлттық банк те болуы мүмкін, өйткені ол экономикалық дүрбелеңнен қашқақтайды.
«Қазір ҚҚС мөлшерлемесін көтеруге қарсы экономистер мен үкімет арасындағы үлкен қақтығыс болады. ҚҚС-тың көтерілуі — бағаның өсуі, бағаның өсуі — инфляцияның өсуі, ол Ұлттық банктің жауап беруін талап етеді. Ол ең болмағанда негізгі мөлшерлемені төмендетпейді, мүмкін оны арттыра бастайды. Демек, арзан несиелерге қатысты қысқаша айтқанда, алдағы болашақта үміттенбей-ақ қоюға болады. Қазір ҚҚС 12%. Үкімет максималды жоспарлаған 20% алады, ал сарапшылар бұл өзгерістерге қарсы шығып, экономиканы едәуір соққыға ұшырататындығын айтып, бұл дұрыс емес дейді. Менің ойымша, олар орташа деңгей— 16-18%-ға е тоқтайды», - дейді Арман Бейсембаев.
Басқа нұсқалар да болуы мүмкін: ҚҚС-тың кезең-кезеңімен көтерілуі немесе тіпті дифференциалды салық мөлшерін енгізу. Нақты ұсыныстар кәсіпкерлер мен шенеуніктердің келіссөздеріне байланысты болады.
Басты себеп - дағдарыс
Қазақстандық кәсіпкерлер салық салу шегін 78 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге төмендету жоспарына теріс пікір білдірді. Мұндай радикалды шара арқылы салық салынатын база күрт өседі, бірақ көптеген шағын кәсіпорындар күйреуі мүмкін.
Қаржылық сарапшы Андрей Чеботарев ешбір кәсіпкердің әлемнің ешбір елінде салық төлеуді ұнатпайтынын айтады. Бірақ қазіргі уақытта Қазақстанда Орталық Азия елдері арасында ҚҚС бойынша ең төменгі салық ставкасы мен ең жоғары салық салу шегі бар. Шегін төмендету нарықтан салықтан жалтару үшін арнайы құрылған мыңдаған фирмаларды жоюы мүмкін.
«Біз ұзақ уақыт бойы шағын бизнесті қолдадық және ол гүлденді. Елде 1,5 миллионнан астам шағын кәсіпорын бар. Бірақ бұл қашан да шағын бизнестің адал екенін білдірмейді: мәселе бөлшектеу болуы мүмкін. Мысалы, біз мұны мейрамханаларда көріп отырмыз, мұнда бір касса бар, ас үйде — екіншісі, ал кальянда — үшіншісі. Сол сияқты дәріханаларда да: дәрі-дәрмектер бір кассада, БАД-тар басқа кассада», дейді Андрей Чеботарев.
Бизнестің реакциясы салық органдарының қысымы қаншалықты күшті болатынына байланысты болады. Егер Қаржы министрлігі шектен шықса, бұл шағын компаниялардың жаппай жабылуына, көлеңкелі экономиканың өсуіне немесе кәсіпкерлердің елден кетуіне әкелуі мүмкін.
«Әрине, біреулер көлеңкелі экономикаға өтуге тырысады. Кейбіреулері жабылады. Кейбіреулері, мүмкін, Қырғызстанға немесе Өзбекстанға көшеді, себебі онда бизнес жүргізу арзанға түседі. Көптеген кәсіпкерлер осы бағытқа қарай қарайды. Әрине, мұндай перспектива бар», — деп ескертеді Арман Бейсембаев.
Қазір елді толыққанды экономикалық апаттан құтқарып отырған салыстырмалы түрде жоғары мұнай бағалары. Ал егер ҚҚС көтерілгеннен кейін олар төмендесе не болады?
«Ендігі жерде бізге тек мұнай бағасының түсуі ғана жетпей отыр. Сонда біз толыққанды экономикалық шок аламыз. Бюджет тапшылығын жабу керек болады және оны кәсіпорындар есебінен жасауға тура келеді, ал егер мұнай бағасы төмендесе, бюджет міндеттемелерін орындауға қаржы жетіспеуі мүмкін. Тұтынушылардың ақшасы болмайды — кәсіпорындарда проблемалар басталады, қарызға белшесінен батқан азаматтар өз қарыздарын төлей алмайды, банктік жүйе көз алдымызда құлдырай бастайды. Салықтармен шектелген бизнес қызметкерлерді қысқартуға және экономикалық белсенділікті төмендетуге (ең азы — көлеңкелі экономикаға өту, ең көп дегенде — жабылуға) мәжбүр болады», — дейді Арман Бейсембаев.
Бұл жағдай жұмыссыздықтың өсуіне, бірнеше банктің банкрот болуына және бизнестің елден кетуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ҚҚС көтерілгеннен кейін, бюджет дағдарысынан кейін қандай жолмен өмір сүретінімізді ойлау керек.
«Бюджетті не істеу керек екені түсініксіз. Иә, Ұлттық қорды пайдалана беруге болады. Ол 15 жылдан кейін таусылады. Мүмкін, ол бізге қажет емес шығар — көптеген елдер қарызға өмір сүреді: АҚШ, Жапония... Мүмкін, бізге де солай істеу керек пе? Шын мәнінде, бұл жаман емес. Біз өзіміз үшін шешім қабылдауға тиіспіз: қалай өмір сүргіміз келетінін — өз қаражатымызбен немесе қарызға. Бірақ егер өз қаражатымызбен өмір сүргіміз келсе, адамдарға бұл қалай болатынын алдын ала түсіндіруіміз керек», — дейді Андрей Чеботарев.
ҚҚС-тың көтерілуін теңестіру үшін үкімет алдамшы қадам жасады: әлеуметтік салықты және міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) алып тастау. Қазір бұл жарналарды Қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін төлейді. Бұл жарналар компанияның қаражатынан алынып, бюджетке (әлеуметтік салық бойынша) немесе зейнетақы қорына (МЗЖ бойынша) аударылады.
Бір қолымен үкімет физикалық тұлғалар мен бизнестің салық жүктемесін арттырып отыр, ал екінші қолымен — сәл төмендетіп жатқандай әсер қалдырады. Бірақ бұл теңгерімсіз алмастыру: ҚҚС-тың көтерілуі бюджеттің ұтылысына қарағанда әлдеқайда көп қаражат әкеледі.
«Негізінен әлеуметтік салықты және МЗЖ-ны алып тастау — бұл ҚҚС-ты көтерудің ауыртпалығын жеңілдету үшін қадам жасау, бұл бәрін соншалықты қорқынышты етпеу үшін. Иә, ҚҚС-ты көтереміз, бірақ оның орнына еңбек ақы қорына түсетін салық жүктемесін азайтамыз, өйткені МЗЖ-ны алып тастау ауыртпалықсыз болады. Бірақ еске салайық, МЗЖ жарналары бюджетке емес, зейнетақы қорына аударылады! Ал қазіргі ең үлкен мәселе бюджеттің өзінде. Зейнетақы қорына қатысты қиындық жоқ», — дейді Арман Бейсембаев.
Қазақстандықтар міндетті зейнетақы жарналарын мүлдем сезінбейді. Көптеген жалдамалы жұмысшыларға МЗЖ төленбейді де. Сол сияқты әлеуметтік салықтың алып тасталуы жұмыс берушілер үшін жағымды бонус болса да, ол қарапайым азаматтардың ҚҚС-тың көтерілуінен болатын шығындарын өтемейді.
Егер ҚҚС-тың көтерілуі бюджеттің 8 триллион теңгеге дейін қаражат әкелсе, әлеуметтік салықтың түсімдері әлдеқайда аз. Үкімет үшін бұл қаржыға еш қиындық жоқ. Мүмкін, әлеуметтік салықтың алып тасталуы Қазақстандықтарға өткен жылы үкімет бюджет дағдарысын байқамағанын ұмыттыруға көмектесе ме?
Дегенмен, әлеуметтік салықты алып тастау әлі де шешілмеді. Президент осы мәселе бойынша баламаларды қарастыруға шақырды.
«Бізде адамдардың шамамен 60%-ы медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейді. Ал оның жүктемесі артып келеді, адамдар саны өсіп келеді. Сондықтан әлеуметтік салықты мүлдем алып тастамауы да мүмкін. Үкімет салықтық жүктемені азайтқысы келеді, сонда бизнес заңды түрде жұмысшыларды жалдап, жалақыларды «қалтадан» емес, ресми түрде төлей алады», — дейді Расул Рысмамбетов.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге көрпеге қарай көсіліп, қарызға өмір сүрмеуді, бюджетті үнемдеуді бастау керек екенін тағы да ескертті.
Жаңалықтар
- Трамптың арнайы өкілінің ұшағы Мәскеуге қонды
- Екі террорлық актіге тосқауыл қойылды – Тоқаев
- Қазақгейт-2 болмайды: Трамп АҚШ компанияларына қазақ шенеуніктеріне пара беруге рұқсат берді
- «Қазақстандағы еттің қымбаттауы сұраныстың көптігінен» - АШМ басшысы
- Наурыз айынан бастап кейбір смартфондар «қара тізімге» еніп, істен шығады
- Қырғызстан президенті Азаттық радиосын жабу туралы ұсынысты қолдады
- «Біздің Атамекеніміз осы»: Ресейдегі қазақтар қалай күн кешіп жатыр?
- Кентау қаласының аумағы ұлғаяды
- Бектенов салық кодексі жобасын 20 ақпанға дейін нақтылауды тапсырды
- Тағы да ұшақ апаты: АҚШ-та екі ұшақ соғысты
- Қостанай облысында екі тұрғын заңсыз жолмен бағалы металдар өндірген
- Дональд Трамптың Газаны сатып алып, иеленбек ниеті бар
- Ресей депутатына Әзірбайжан аумағына кіруге тыйым салынды
- Ақтөбеде оттық үшін танысының басын кесіп, тоңазытқышқа салған адам сотталды
- Диско-бар, караоке және бильярд: Мәсімовтің үйінен қандай қызық нәрселер табылды
- «Кінәсізбін!»: Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады
- Шымкентте бұрынғы судья ақша жымқырғаны үшін сотталды
- 19 жыл бұрын тапсырыспен өлтірілген Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімінде жауапсыз қалған сұрақтар мен Ақорданы массондармен не байланыстырады?
- ҰҚК қызметкері есірткі таратқаны үшін ұсталды
- Полиция Атырауда көз жұмған бес жастағы қыздың өлімін тергеп жатыр