Қорқынышты детектив: Астана маңында 14 жастағы Лераны кім және неге өлтірді?
Коллаж Orda.kz
14 жастағы Валерия бүкіл денесі қан-жоса болып, дүкеннің табалдырығында сұлап түскен. Полицияға күдіктіні ұстау үшін бір тәулік те жеткілікті болды. Неге жасөспірім осындай қорқынышты оқиғаның құрбаны болды? Баланың ересек адамға қандай қылығы өтіп кеткен болуы мүмкін? Оның қатыгездікке ұшырауының алдын алуға болар ма еді? Осы сұрақтарға Orda.kz тілшісі жауап іздеді.
«Қазір келемін» — Лераның анасына айтқан соңғы сөздері
Валерия Цындря — Валентинаның жалғыз қызы. Қыздың әкесі мен анасы Валерия үш жаста болғанда ажырасқан. Валентина бар өмірін Валерияға арнаған.
Валентина мектеп асханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Күнде таңғы алтыда кезекшілікке кетіп, алдын ала пешті жағып шығады. Бұл жұмысты қызына істетпейді.
«Сол күні, 14 қараша, жұма болатын. Мен әдеттегідей жұмысқа кеттім. Қызым ұйықтап жатты, сол күндері мектепке бармайтын. Күндіз хабарласып тұрдық. Үйде не істеу керегін жазып жібердім. Жұма күні менде қысқартылған жұмыс күні: сағат үште балаларға тамақ беремін, келесі күнге дайындық жасамаймын. Сағат төртке қарай босадым, ата-анамның үйіне 10–15 минутқа кірдім. Лера киініп, танысына кетпекші болған. Мен өзімді нашар сезінгенімді айтып, бірден жатамын дедім. Қызым мені қайтып келгенде оятып алмас үшін, есікті сырттан жабуды ұсынды», — дейді Валентина.
Қызым құрбысының үйіне барып жүретін. Құрбысы Ульяна біршама үлкен, егіз балалары бар.
«Қызымның ауылында достары жоқтың қасы еді. Сыныпта жалғыз оқушы болды. Ульянамен араласатын, оның егіз балаларымен ойнағанды жақсы көретін. Оянған соң, мен дереу Лераға «үйге қайт» деп жаздым. Пешті жағау керек еді, ал көмір сыртта кіреберісте қалған. Сағат 19:54-те ол «қазір келемін» деп жазды. Бұл оның соңғы хабарламасы болды», — дейді Валентина.
Кейін Валентинаға Қарағанды маңында жұмыс істейтін азаматтық күйеуі қоңырау шалып, қызының қайда екенін сұраған.
«Қызымның қайда екенін сұрады. «Меніңше, бірдеңе болып қалды» деп қызыма шұғыл хабарласуымды өтінді. Оған Владимир есімді танысымыз хабарлаған. Қызыма хабарластым, бірақ телефонды Владимир көтерді. Ол айқайлап, жылап тұрды. Мен ештеңе түсінбедім, телефонды Валерияға беруді сұрадым. Ол болса: «Мен емес, пышаққа құлап қалды» деді. Мен тірі ме, деп сұрадым. «Білмеймін» деген сөзден соң көзім бұлдырап кетті», — дейді Валентина.
Владимирдің айтуынша, Лера мектептің маңында болған. Бірақ үйде қалған анасы оған жете алмады. Біраздан соң, туысы ата-анасының үйінен қосалқы кілттерін алып келіп, есік ашқан.
«Дүкенге келгенде жедел жәрдемді көрдік. Айналада адамдар жиналып тұр, бірақ дүкеннің есігі жабық болды. Мені кіргізбеді. Дәрігерлер қызымды құтқарады деп үміттендім, бірақ қолдарынан келмеді. Ол қызымның тірі қалуына тіпті мүмкіндік бермеді», — деп еске алады Валентина.
Қыз дүкенге «көмектесіңдер» деп айқайлап кірген 14 жастағы Валерия Цындря пышақ жарақатынан қайтыс болды.

«Куәгерлер ол «көмектесіңдер» деп айқайлап, дүкенге кіргенін айтты. Дүкенге кірісімен Лера бірден құлап түсіп, өте көп қан кеткен. Мәйітханада мойнындағы жараны тігуге терісі жетпей қалғанын айтты, жарасы өте үлкен болған. Қолдары кесілген. Мәйітхана қызымның қолына пакет байлап берді, алақанының жоғарғы бөлігі түгелдей кесілген, етіне дейін зақымдалған. Пакеттерді тек жерлеу кезінде ашасыздар деді», — деп жылап айтып берді анасы.
Оқиға орнында болған куәгерлер қашып кеткен ер адамды көргендерін айтты.
«Куәгерлердің айтуынша, қан тек дүкеннің алдында болды, аулада қан болмаған. Мүмкін, ол қызды сол жерде қуып жеткен болар. Полиция маған толық мәлімет бермейді. Құқық қорғаушылар күдіктіні іздеу туралы ақпарат бергенде, көп адамдар соңғы екі күнде оны көргенін айтты. Ол біздің терезелердің маңында жүріп, терезелерге қарап тұрғанын айтады. Сол күндері қызым мектепке бармай, сыртқа да сирек шыққан еді. Мүмкін, бақылап тұрған болар. Мұғалімдер де көлік көргенін айтты», — дейді Валентина.
Полицияға күдіктіні табу үшін бір тәулік те жеткілікті болды. Владимир Родина ауылына жақын жерде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Отбасының досы болған
Валентина айтып отырған Владимир кім? Еске салсақ, дәл сол адам оның азаматтық күйеуіне Лераның жағдайы туралы хабарлаған. Кейінірек полиция дәл сол Владимирді ауыл сыртындағы егістік алқабында ұстады.
Қыздың анасы 34 жастағы Владимирді отбасының досы деп атайды. Олар бірнеше жылдан бері тығыз араласып жүрген. Таныстық көрші ауылдағы туыстарға барып жүрген кезде басталған.

«Біз оның ата-анасын жақсы білетінбіз, анасы қайтыс болған. Сол жерлеуден кейін біз оған барынша қолдау көрсетуге тырыстық. Ол да бізге жиі көмектесетін. Үйімізді жөндейтін. Машинасы болғандықтан, алып барып, әкеліп жүрді. Марқұм әжесі Тома тірі кезінде Лера олардың үйлеріне жиі қонаққа баратын.Владимирдің қызы кішірек болса да, сонымен дос болатын. Ол қыз да бізге келіп тұратын», — дейді Валентина.
Валентина жұмыстан жиі босай алмағандықтан Владимирге сеніп, былтыр күзде оған қызына қатысты сенімхат берген. Осы құжатпен ол Лераны қалаға, дәрігерге немесе жеке шаруаларға апарып жүретін.
Лера өте мейірімді бала болған. Үйдің жалғыз қызы, немерелердің де ішіндегі жалғыз қыз. Жануарларды ерекше жақсы көрген, үйге үнемі қаңғыған мысық-күшіктерді әкеліп жүретін. Сөйтіп әжесінің үйінде төрт ит, өз пәтерлерінде сегіз мысық асыраған. Валентинаның айтуынша, үнемі антибиотик сатып алып, жануарлардың бәрін өзі емдейтін. Тоғызыншы сыныптан кейін ветеринар болуды армандаған. Сонымен қатар KZ Film балалар киностудиясы жобасына қатысқан дарынды бала болған.


Бірақ Валерияның мінезі тұйық, бірақ көңілі құбылмалы еді. Жасына қарағанда ересек көрінетін, әдемі бойжеткен. Осы себептен мектепте ұлдар маза бермей, жиі тиісетін. Құрбы табу қиын болды. Оқиға болған күні де ол өзінен әлдеқайда үлкен танысына барған.
Лера бірнеше рет өзіне қол самақ та болған. Валентина қызымен біраз уақыт психолог жұмыс істегенін айтады.
«Психолог бұл әрекеттер өмірмен қоштасуға деген тілек емес, керісінше күйзелісті осылай шығаратынын айтты».
Ауыл мектебінің әкімшілігі қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, журналистің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
«Оқиғаға қатысты түсініктеме беруге, баланың жеке басы мен отбасы туралы ақпарат таратуға өкілетті емеспін. Мектеп өз тарапынан құқық қорғау органдарына толық көмек көрсетеді, оқушылар мен мұғалімдерге психологиялық қолдау қамтамасыз етілді, қауіпсіздік шаралары күшейтілді», — деді мектеп директор Айгүл Дүйсенова.
«Оған айт, маған жазбасын»
Алғашында Валерия Владимирге өте жақсы қарайтын. Оның ауылына барғысы келіп тұратын. Тракторына мінгізіп жүрсін, көлікпен Ақмолаға немесе Астанаға апарсын деп сұрайтын.
«Мен рұқсат ететінмін. Жалғыз қызым, шектеуге қимайтынмын. Бірақ оның қызымa зиян тигізуі мүмкін деген ойыма да келмеді», — дейді Валентина.
Шамамен тамыз айында қыздың оған деген қарым-қатынасы күрт өзгерген. Валерия мәселенің барын астарлап, ашып айтпаған.
«Қызым: «Оған айт, маған жазбасын!» деді. Неге деп сұрағанымда — «сол» деді. Содан кейін ол жаққа баруды доғарды. Күзгі каникулда қалаға барған кезінде маған «хоккейдемін» деп жазды. Ал Владимир оған: «Қайда жүргеніңді білемін», «Қазір келемін, сол жерде тұр» деген сияқты хабарламалар жіберген. Келесі күні Лера үйге келіп, сол хаттарды көрсетті. Өзі үрейленіп жүргендей болды».
Кейін Владимир оған ғашық екенін айтып, түрлі нөмірден жазып, тіпті терезе астындағы ағашқа жүрек суретін ойып қалдырған.
Неге анасы әрекет етпеді?
«Біз онымен бірнеше рет сөйлестік. Полицияға арыз жазамыз деп қорқыттық. Қызымды қалаға көшіріп алмақ та болдым. Бірақ арыз жайлы естігенде Лера шошып: «Мама, керек емес. Бәрі біліп, өсекке қаламын» деді. Бұрынғы суицид әрекеттерінен кейінгі тексерулер бір жылға созылған еді. Ондай баламен әр сөзді ойланып сөйлеуге тура келеді. Қызымды қорғай аламыз деп ойладық. Біздің ең үлкен қателігіміз — оны тым жеңіл-желпі қабылдағанымыз», — дейді анасы.
Қайғылы оқиғадан үш күн бұрын, сейсенбіде, Лера анасына телефон шалып, Владимирдің хабарласқанын айтқаан. Ер адам үйге келіп, сатыны аламын деп сес көрсеткен. Қыз оған қарсылық білдіре алған.
Олардың арасында байланыс болғанын да, Валентина жоққа шығармайды.
«Бәлкім, бастапқыда болған шығар. Маған айтуға ұялған шығар. Қарым-қатынасты тоқтатқысы келгенде, ол соңынан қалмаған. Қазір ол «есі дұрыс емес» кейіп танытып отыр дейді. Мен өзім де не болып жатқанын толық түсінбеймін: мәйітхана, шіркеу, полиция. Әлі де көп жайтты білмеймін. Әлеуметтік желіде айтылып жатқан жаман сөздер жаныма батады: біреулер «Лераның ата-анасы жоқ» дейді. Екіншілері — «ішімдікке салынған, нашақорлар» дейді. Үшіншілері — «менің Владимермен бірге болғанымды» өсек қылып айтады. Бәрі — өтірік. Адамдар өте қатыгез», — дейді анасы.
Болған оқиғаға Валентина өзін кінәлайды.
«Мен барлығына өкінемін. Күндіз-түні. Полицияға шағымданудан қорықтым, қызымды тергеуден, өсектен сақтағым келді. Қорғай алмадым. Қазір қалай өмір сүретінімді білмеймін. Одан басқа балам жоқ. Өмірімнің мәнін таба алам ба — білмеймін…»— деп ашынды анасы.
Еске сала кетейік,Ақмола облысында 14 жастағы қызды қатыгездікпен пышақтап өлтірген күдікті ұсталды.
Жаңалықтар
- Қорқынышты детектив: Астана маңында 14 жастағы Лераны кім және неге өлтірді?
- Қазақстан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
- «Алқаш» деді»: мас ер адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді
- Маңғыстау облысында түлкі мектеп оқушыларына шабуыл жасады
- Терапевтен өсті: Денсаулық сақтау саласына жаңа вице-министр тағайындалды
- «Лукойл» активтері үшін соғыс: ойынға Әбу-Дабидің алып компаниясы қосылды
- «Тоқалының ағасы»: Нұрсұлтан Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды
- Қазақстан МАГАТЭ-нің Қиыр Шығыс тобына енді
- Астанада жеті тұрғын үй кешені жарықсыз қалды
- Трамп Нью-Йорк мэріне өзін «фашист» деп атауға жұрт көзінше рұқсат берді
- Өңірлер өңешін керіп сұраса да берілмейтін қаржы неге жыл сайын «ҚазАвтоЖол» мен «Жасыл Дамуға» бөлінуі тиіс?
- Жетісу облысында лицензиясыз жұмыс істеген дәрігерлерге айыппұл салынды
- Жақында жекешелендірілетін мұнай зауыттары мен әуежайлардың атауы жарияланды
- Дәрігерсіз, құжатсыз: Қазақстанда 400-ден астам заңсыз процедуралық кабинет анықталды
- Жел соғады, көктайғақ — 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- Алматы облысындағы жер дауы: Сот шешіміне қарамайтын әкімдік және кәсіпкерлерді кім қудалады?
- Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзі асылып өлген ер адамның бұрын үлгілі отбасы болғаны айтылды
- Қарағандыда Нығматулиннің бұрынғы зауыты жабылғалы жатыр
- Дубайда өткен әуе шоуында үндістандық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
- АЭС құрылысы 2029 жылы басталады