Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімін мазақ етті. Қазақстан мен Өзбекстан бәсекелесіп жатыр. Картоп — алтынмен тең
Коллаж: Orda.kz
«Орданың» бас редакторы Гүлнәр Бажкеновамен бірге Қазақстандағы аптаның басты оқиғаларына талқылайық.
Шолудың негізгі тақырыптары:
▪️ Президент Тоқаевтың Ташкентке жасаған маңызды сапары — Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы ынтымақтастықтың ең жоғары деңгейіне көтерілуде. Бірақ бірнеше сұрақ өзекті болып қалуда: неге өзбек басылымдары Қазақстанды жиі атамайды, экономикада нақты көшбасшы қай ел және еңбекқор өзбек халқы не үшін әлі де кедейшілік қамытын сүйреп келеді?
▪️ Өңірдегі геосаяси қозғалыс — «Орталық Азия + Әзірбайжан» саммиті, аймақ елдерінің интеграцияны нығайтуға талпынысы және өзара тауар айналымын 20 миллиард долларға жеткізу ниеті. Осы жағдай аясында — орталықазиялық қоғамда «обырға» теңеліп жүрген созылмалы сыбайлас жемқорлық мәселесі.
▪️ Ішкі саясат — Қарин мен Тоқаев арасындағы парламенттік реформа туралы талқылау, болашақ саяси пирамида және тежеу мен қарсы салмақ жүйесі жөніндегі әңгімелер. Неліктен экс-министр Нұртілеу «екінші адам» саналды? Ал жаңа парламентке кімдер өтуі мүмкін — ұлтшылдар ма, әлде Ресейдің жақтастары ма?
▪️ Қоғамда қызу толқу жалғасуда — солтүстікқазақстандық азаматтың ісі, белсенді әйелдің полицияға шақырылуы, шегіне жеткен шыдам және «неліктен қудалау көбіне қарапайым, радикалды емес пікір иелеріне бағытталып жүр?» деген сауалдарды талқылаймыз.
▪️ Қайғылы оқиғалар күн сайын дерлік қайталанып жатыр — сарбаздардың қазасына күліп жауап беріп, аптаның антиқаһарманы атанған қорғаныс министрі. Әскердегі және көшедегі өлім-жітім, адам өмірін жалмап жатқан өрттер тағы да адам өмірінің құндылығы мәселесіне алаңдаушылықты өршітіп жатыр. ДДСҰ елге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Толыққанды ақпаратты ORDA News-тің жаңа шығарылымынан көруді ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімін мазақ етті. Қазақстан мен Өзбекстан бәсекелесіп жатыр. Картоп — алтынмен тең
- Алматыда қоймадағы ірі өрт сөндірілді
- 10 адам ұсталды: Қырғызстанда саясаткерлерге қатысты жаппай тінту жүргізіліп, тергеу басталды
- «Шешімі табылғанда мәселеге оралайық»: ДСМ басшысы Теміртау дәрігерлерінің талаптарына жауап берді
- Украинаға қатысты бейбіт жоспар түпкілікті емес — Трамп
- «180 мың теңге аламыз»: Жамбыл облысының фельдшерлері де президентке үн қатты
- Алматыда 22 қарашадан бастап жүргізушілерге жаңа айыппұл қосылды
- Талғарда 14 жастағы баланы өлтіріп алған жасөспірімнің анасы өз шындығын айтты
- Қорқынышты детектив: Астана маңында 14 жастағы Лераны кім және неге өлтірді?
- Қазақстан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
- «Алқаш» деді»: мас ер адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді
- Маңғыстау облысында түлкі мектеп оқушыларына шабуыл жасады
- Терапевтен өсті: Денсаулық сақтау саласына жаңа вице-министр тағайындалды
- «Лукойл» активтері үшін соғыс: ойынға Әбу-Дабидің алып компаниясы қосылды
- «Тоқалының ағасы»: Нұрсұлтан Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды
- Қазақстан МАГАТЭ-нің Қиыр Шығыс тобына енді
- Астанада жеті тұрғын үй кешені жарықсыз қалды
- Трамп Нью-Йорк мэріне өзін «фашист» деп атауға жұрт көзінше рұқсат берді
- Өңірлер өңешін керіп сұраса да берілмейтін қаржы неге жыл сайын «ҚазАвтоЖол» мен «Жасыл Дамуға» бөлінуі тиіс?
- Жетісу облысында лицензиясыз жұмыс істеген дәрігерлерге айыппұл салынды