Коммунистік партия келмеске кетті
ОРДА. Бұрынғы Кеңес одағы коммунистік партиясының мүшелері мен ҚКХП-ның қазіргі мүшелеріне бұл партия не берді және қандай істерімен есте қалды деген сұрақтар қойған еді.

Ирина Смирнова, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:
- Мен пионер де, комсомол да болып, 1986 жылы Коммунистік партия қатарына кірдім. Менің атам да, әкем де коммунистер болды. Олар теңдік пен ынтымақ, азаттық идеяларын қолдады. Олардың осы идеяларын мен де қазіргі уақытқа дейін қолдаймын. КСРО кезінде біздің өміріміз жақсы болды, балалық шағымыз бақытты болды. Есімде қалғаны, біз бала кезімізде ауылдан 10 км дейін алысқа велосипедпен шыға беретінбіз, ол кезде ешкімнен қорқу, үрку деген болмайтын. Бәрімізге бірдей теңдік болды, байлар мен кедей деген ұғым болған жоқ. Үйі жоқтар үйлі болатын. Мұның бәрі социалистік қоғамның артықшылығы еді. Қатал талаптар қойылатын, бірақ партия тарапынан қоқан-лоққы көрсету, қорқыту деген болмайтын.

Әміржан Қосан, саясаткер, қоғам қайраткері:
- Менің өмірімнің бір бөлігі Кеңестер одағында өтті. Ол кезде Коммунистік партия қатарына өту әдеттен тыс әрекет болмайтын. Мен де 20 жасымда әскер қатарында жүріп партия мүшелігіне қабылдандым. Ал 90-шы жылдардың басында, ол кезде Кеңес одағы ыдырамаған кез, мен оппозициялық «Азат» газетіне сол жылдардың кемшін тұстарын сынап мақалалар жазатынмын. Дәл сол кезде аудандық партия комитеті мені Одақтық келісімшартты сынаған мақалам үшін қатты ұрысып, мұндай еркіндігім үшін жазаланатынымды ескертсе, дәл осы мақалам үшін қалалық партия комитеті мені мақтаған болатын...
Әміржан Сағитрахманұлының айтуынша, партия мүшесі ретінде оның сөздеріне құлақ асатын кездер де болған.
- Студент кезімде мен аудандық партия конференциясының мінберінен облыстық партия комитетінің ғимаратын керемет етіп салғанымен сол партия ҚАЗМУ-дің студенттер қалашығын жарықтандыруға қаржы таппай отырғанын, қараңғыда маньяктың пайда болуына бұл да себеп деген пікір айттым. Бұдан кейін биліктегілер студенттер қалашығына жарық жүргізді. Кейініректе мен партиялық мандатымды пайдалана отырып ҚАЗМУдің журфактың кейбір студенттерінің оқудан шығарылмауына да ықпал ете алдым. Негізінен, мен сол кездегі партия мүшесі болғаныма кереметтей мақтанбаймын. Мен тек сол партиялыққа мүше миллиондағандардың бірі ғана болдым. Ақшалы партиялық лауазымды орында отырған жоқпын.
ҚХКП-ның белгілі саясаткері партияның ребредингі, яғни, бұл партияның бренді, нақтырақ айтсақ, атының өзгеру мағынасы туралы:
- Ең алдымен Қазақстан халқының коммунистік партиясы атауының өзгеруі алдында бұл партия халық алдында осы партияның Кеңес жылдарындағы жіберген барлық кемшіліктері үшін, нақты айтқанда саяси репрессиялар, «Ашаршылық», қудалау мен қуғын-сүргінге ұшыратқаны үшін кешірім сұрауғаны дұрыс болар еді.
Атын өзгерткенмен бұл партияның бағдарламасының мақсаты мен бағыты қандай? Егер ол «халықтық» болса, оның нақты сүйенетіні елдің бір бөлігі емес, бүкіл халық болу керек қой? Партияның атауының өзгеруі мимикрия, яғни, өздерін қазіргі қоғамның сұранысына сәйкес етіп көрсету және сайлау алдында өзінің бағытын демократиялық етіп көрсетіп, тек түр өзгерту болып табылады. Мұның бәрі қулық. Өйткені осы жылдар ішінде билік елді тонап жатқанда, Жаңаөзенде билік бейбіт халықты қырып жатқанда, саяси оппозицияны қудалап, тәуелсіз БАҚ-ты жойып жатқанда жақ ашпаған партия оппозиция болып аталуға моральдық қақылары жоқ. Ал Тоқаев болса парламентте оппозиция болуы керек дейді.

Роза Оспанова, КСРО Коммунистік партиясының байырғы мүшесі
- Мен де, жолдасым да коммунистік партияның мүшелері болдық. Үйдегі ұлдарымыздың бірі кішкентай кезінде тентектеу болды. Бір күні пластелинмен ойнап отырып, оның бір кішкентай кесегі қабырғада ілулі түрған Лениннің портретіне жабысып қалады. Осының өзі қаншама шу болды. Оның әкесін, ол кезде ол мектеп директоры болатын, бірнеше рет облыстық оқу бөліміне шақыртып, ұрсып-сөгіп, түсінік әңгіме-сұбхат жүргізді. Дәл осы бала әскери оқу орнында курсантболып қып жүргенде түнгі серуеннен келе жатып Лениннің ескерткіштегі қолына кефирдің бос бөтелкесін кигізіп кетеді. Келесі күні сол жерде митинг ашылып, жиналғандар көсемді бұлай қорлағандарды жазалау керектігін талап етеді. Сол жерде тұрған ұлым ол сотқарды іздеген кейіп танытуына тура келеді...
Разия Абдыкадырова, журналист, психолог:
- Коммунистік партия мен үшін әлеуметтік әділеттіліктің идеалы болып табылады. Мен Қазақстан халықтық коммунистік партиясы қатарына 2013 жылы кірдім. Сол кезде «Қазақстан коммунисі» газетіне қызметке қабылдандым. Ол жерде мен алты жыл жұмыс істедім. Бұл партияның мүшелігіне қабылдануда кереметтей рәсімдер болған жоқ. Алайда партия мүшелері 1 мамыр, 7 қараша, тағы да басқа Кеңестік мерекелерді ұмытпай атап отыратыны есімде. Бұл партияға мүшелік менің саяси сауатымды ашты, елімізде болып жатқан саяси процесстерді түсіне бастадым. Александр Холодков сияқты белгілі адамдармен таныстым.
Енді еліміздің саяси аренасында «коммунистік» деген сөзі бар партия жоқ. Бұл, мүмкін, компартия деген атқа үйренген үлкендер үшін оңай жайт емес шығар. Алайда партияның жаңа аты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен еліміздегі қазіргі ресми саясатқа сай ұғым.

Аля Бичурина, педагог:
- Мен Кеңестер одағы коммунистік партиясы мүшелігіне одақтың ыдырар алдында өттім. Ол кезде партия қатарына өтуде шектеу жоқ, бүкіл халықты шақырып мүшелікке өтіп жатқан кез. Ал мұғалімдерді тіпті зорлап өткізетін партия мүшелігіне. Коммунистік партияға өткенімізбен сол кездегі өмірімізде пәлендей ештеңе өзгере қойған жоқ. Бір-екі жылдан соң Кеңес одағы ыдырап кетті. Партия жоқ болды. Партия билетінің де қажеттігі шамалы болып қалды. Менің билетім қазір ешкімге қажеті жоқ жәй қағаз ретінде үйдің бір жерінде жатыр...
Міне, партия мүшелерінен естіген оқиғалар осындай. Біреудің өмір жолында бұл партия керемет маңызды роль атқарса, ал кейбіреулер үшін жай ғана еске алар жайт болып қалып отыр. Енді Қазақстан үшін де «коммунистік» деген сөз келмеске кетті. Бұл сөзбен бірге ғайыпқа тұтастай бір дәуірдің кезеңі кетті...
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық