Қоғам белсендісі Ринат Рафхатұлы қайтыс болды

cover Фото: Facebook/ Rinat Rafkhat

Бүгін, 23 желтоқсан күні қоғам белсендісі, құқық қорғаушы атыраулық Исағалиев Ринат Рафхатұлы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Билікке қарсы ойларын өткір жеткізіп жүрген азаматтың қазасын желідегілер жарыса жазып жатыр. Facebook қолданушылары 42 жастағы қоғам белсендісінің қазасына көңіл айтуда.

«Қытай қазақтарына көмектескенде әрдайым бірге болды. Қоғамдық маңызы бар істер бойынша барлық соттарды бақылады. Біздің ұйым Қаңтар оқиғасы бойынша 50 қылмыстық іс жүргізгенде соларға қатысты барлық соттарды бақылап, адам құқықтары бұзылғаны туралы құнды фактілер жинады. Халық үшін, адам құқықтары үшін еңбегі зор еді» деп жазды заңгер Айна Шорманбаева. 

Марқұм соңғы жазбаларының бірінде «Билік саяси тұтқындарды бүгін мойындамаса да, ертең бәрібір мойындауға мәжбүр болады. Уақыт бәрін орнына қояды…» деп жазған еді. 

Сонымен қатар, Ринат Рафхатұлы өмірінің соңғы уақыттарында Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталған Әйгерім Тілеужанды қорғап Бас прокуратура шағымданған. 

Айта кетейік, Яна Легкодимованы өлтіріп, өмір бойына сотталғандар апелляциялық шағым түсірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар