Кіші Аралды бес жылда жоғалтып алуымыз мүмкін

cover

Кіші Арал тағы таязданып барады. Тек өткен жылдың өзінде су мөлшері 5 млрд. текшеметрге азайды. Қазіргі судың мөлшері мамандардың дерегі бойынша 22 млрд. текшеметрден аспайды.

Orda.kz. ондаған жылдар бойы күш жұмылдырып, көлді құтқарамыз деген мақсатымыз неліктен жүзеге аспай жатқанын анықтауды ұйғарды. Экологтардың болжамдары бойынша, көлдің солтүстік жағына құятын Сырдария суын пайдалануды тез арада шектемесе, Кіші Арал 5-6 жылдың ішінде құрғап бітеді.

Арал теңізін қайта қалпына келтіру туралы көп үміт күттірген 30 жыл бұрынғы Орта Азия мемлекеттерінің бәрі қолдаған жобалар неліктен нәтижесіз болып жатыр? «Сырдария өзенінің арнасын жүйеге келтіру мен Арал теңізінің солтүстігін сақтап қалу» жөніндегі қазақстандық жоба – бағдарлама адамдардың көл аумағына қайта келіп тіршілік етуіне және көлді сақтап қалуға неліктен ықпал ете алмай отыр?

Инженер-гидротехник Дәулетияр Баялимов Халықаралық Аралды сақтап қалу қорының атқару комитетінде қызмет істеді. Оның айтуынша, шекаралас өзендердің суын пайдалану жөнінде арадағы пайда болған түсініспестік салдарынан Арал теңізінің болашағы тағы да бұлыңғыр мәселеге айналды.

– Арал теңізі толық қалпына келу үшін Амудария мен Сырдариядан келетін судың жылдық мөлшері 110 млрд. текшеметрге жетуі керек. Ал қазіргі мөлшер 6,5 млрд. текшеметрге де жетпейді. Үлкен Аралға Амудариядан бір тамшы да су келмейді – дейді Баялимов.

Қазіргі замандағы ғаламдық экологиялық апат

Өткен ғасырдың ортасында табиғаттың бірегей көлі болып табылатын Аралдың көлемі 70 мың шаршы метр, ал тереңдігі – 60 метрге жететін. Мамандардың деректері бойынша Аралдың жоғалуына себепші болатын факторлар бұдан да ертерек пайда болған – Кеңес одағы 30-шы жылдары Орта Азияны мелиорациялау туралы өте үлкен бағдарлама жасап, Амудария мен Сырдарияда суландыру жүйесіне қажетті құрылыстар сала бастады. Амударияның суының жартысын Қарақұм каналына аударды.

Как мы через пять лет можем потерять Малый Арал

Қарқын алған шаруашылық қызмет, күріш алқаптары мен мақта плантацияларының өсуі, ірі гидротехникалық және ирригациялық құрылыстардың экологиялық жағдайлары есептелмей салынуы салдарынан Амудария мен Сырдарияның суы Аралға жетпейтін болды.

Теңіз суы біртіндеп тартылып, 80 жылдардың соңына қарай теңіз екіге бөлінді – Солтүстік жағы Кіші, оңтүстік жағы Үлкен Аралға айналды. Оңтүстік Аралдың тұздануы 25 есе көтерілді. Суы тірі организмдердің тіршілігіне жарамсыз болып қалды. Балықтың барлық түрі қырылды. Тек шаян тәрізділер ғана тірі қалды.

Суы кепкен теңіздің жалаңаш түбі бірнеше жүз шақырымға созылып, Аралқұм деген шөлге айналды. Теңіздің түбі жылдар бойы шаруашылыққа пайдаланған пестицидтер мен улы заттар қалдығының шөгіндісіне айналды. Қазір арал тұзын Австралия мен Антарктидадан да табуға болады.

Бір кездері жайнап тұрған өлке экологиялық апат аймағына айналды. Жергілікті тұрғындар тыныс алу жолдары ауруларымен, қан аздығы, өңеш, өкпе, бауыр, бүйрек және көз ауруларымен ауыра бастады. Обыр ауруының өсуі байқалды. Экологиялық жүйенің бұзылуы Арал өңіріндегі табиғаттың бұзылуына әкеліп соқты. Соның әсерінен климаттың өзгеруі тек Орталық Азия елдерінде ғана емес, басқа да өңірлерде байқалуда.

Қазақстан мемлекет болып тәуелсіздік алғаннан кейін Арал мәселесімен шындап айналыса бастады. Сырдария өзені арнасын жүйелеу жобасына сәйкес және теңіздің солтүстік аймағын сақтап қалу мақсатында Көкарал плотинасы салынды. Бұл плотина оңтүстіктен солтүстікке қарай теңіз суын ағызуды реттеп отыратын болды.

Ұзындығы 14 шақырымнан тұратын Көкарал платинасының жұмысы Кіші Аралды теңіздің құрғап жатқан оңтүстік бөлігінен шектеу арқылы қазақстандық жағын сақтап қалуға арналды. Гидротехникалық құрылыс нысандарын салу мен Сырдарияның жағасын дамбалармен бекіту, өзеннің арнасын түзулеу сияқты жұмыстар оның су ағымдық мөлшерін екі есе көбейтіп, тұщы судың жасанды теңізге жиналуын қамтамасыз етті.

Жасалған жұмыстардың нәтижесі 2006 жылдан белгілі бола бастады. Кіші Аралдағы су деңгейі көтеріліп, ондағы су екі есе көбейді. Теңіз суы Аральскіге қарай жақындады. Аралық небәрі 17 шақырымға жетті.

Как мы через пять лет можем потерять Малый Арал

Кіші Аралға тұщы сумен бірге судағы тіршілік иелері де қайта оралды. Әсіресе, құнды балық түрлері – сазан, көксерке мен жайын балықтар көбейді. Мекенін тастап кете алмаған тұрғындар балық аулайтын өз кәсіптеріне қайта оралды.

Судың көбеюі бір кездері порт болып есептелген Арал қаласындағы тіршілікті жандандыруы мүмкін деп күтілген болатын. 2012 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің арнасын Рамсар конвенциясы қорғайтын әлемдік маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне кіргізген болатын. Мұндай мәртебе салыстырмалы түрде айтар болсақ, Волга өзеніне берілген болатын.

Аралдың оңтүстігіне келер болсақ, ол тартылып бітуге таяу. Ресей ғалымдарының болжауынша, бұл жерде жер асты сулары мен өзеннің қалған суымен ғана толығып жатқан шағын ащы сулы көлшік қана қалуы мүмкін.

Оңтүстік Арал екіге бөлінді: шығыс және батыс бөлікке.

Как мы через пять лет можем потерять Малый Арал

2007 жылы батыс бөліктегі тұздылық 70 гр/л жетсе, шығыс бөлігіндегі тұздылық – 100 гр/л жетті. Бұл жерде енді қандай да бір болмасын шаруашылық жүргізудің мүмкіндігі жоқ.

1993 жылы Қызылорда қаласында Орта Азия мен Ресейдің мемлекет басшылары кездесіп, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Арал мен Арал өңірін экологиялық сауықтыру мен өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ететін келісімшартқа қол қойған болатын. Шекаралық өзендер суын пайдалану туралы да келісімге келген. Алайда қанша жыл өтсе де әр мемлекет су мәселесін әркім өз білгенінше шешуде. Мысалы, Өзбекстан осы жылдар ішінде ешбір өзімен әріптес мемлекеттермен келіспей-ақ Сырдария өзенінің бойына 1993 жылдан бері 9 су қоймасын салып алды.

Қырғызстан да Тоқтағұл ГЭСін салып жатыр. Ол станцияның кейінгі әсері туралы келісім жүргізудің тиімділігі байқалмады.
Кіші Аралды сақтап қалу үшін Сырдарияның төменгі жағына 2 млрд. текше метр су келуі қажет болса, ауылшаруашылығына пайдаланып жатқан судың мөлшері 4,2 млрд.текшеметрді құрап отыр.

Как мы через пять лет можем потерять Малый Арал

Арал өңіріндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты төменгі палата депутаттары премьер-министрге мәлімдеме жолдады. Олар шекаралық өзендер суын пайдалануда Қазақстанның өз ұстанымын сақтап, халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес алдын ала келісілген шарттардың орындалмау себептерін анықтауды Үкімет басшысына тапсырды.

Тәуелсіздік алған әр мемлекет қазір өз саясатын ұстануда. Көрші мемлекеттер Арал теңізі туралы келісімшартқа қол қойылғанына қарамастан, олардың кейбірі Сырдарияның төменгі жағында орналасқан өзге мемлекеттің мүддесіне қайшы келетіндей әрекеттер жасауда. Ал оның нәтижесінде теңіз құрғап жатыр. Су дегеніміз- тек тауар ғана емес, ол өте маңызды тіршілік көзі және табиғи байлық екенін де ұмытпағанымыз жөн болар еді - дейді депутаттар.

Авторы: Жанна Сражадинқызы, Қызылорда
Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар