Киіктерді өлтіру сауыққа айналады

cover

Қазақстанда киіктерді әуесқойлықпен аулауға рұқсат етіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Елімізде киіктерді әуесқойлық бағытта аулауды енгізу жоспары бар. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі басшысының айтуынша, мұндай шешім жұртшылықпен және аңшылық шаруашылық өкілдерімен талқылаудан кейін қабылданған.

«Иә, біз киіктерді аулауды әуесқойлық спорттық аңшылық ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Биыл бастаймыз», - деді министр.

Мезгілі туралы сұраққа жауап берген Нысанбаев былай  түсіндірді:

«Бізде аңшылық әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады. Бұл кезең  ақбөкенді аулауға да қатысты болады».


Аңшылық нормалары мен шектеріне келетін болсақ, министр мамыр айында ақбөкендердің санына санақ жүргізілетінін атап өтті.

«Жыл ортасында біз олардың нақты санын білетін боламыз, осының негізінде аң аулау шегі анықталады», - деп қосты ол. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар