Кезекті теракт: Пәкістанда 11 қауіпсіздік қызметкері көз жұмды

cover Фото: dawn.com

Пәкістан армиясының баспасөз қызметі Хайбер-Пахтунхва провинциясының Баджаур ауданындағы бақылау-өткізу бекетіне жасалған кезекті шабуылды растады, деп хабарлайды Orda.kz Reuters.com сайтына сілтеп. 

Мәліметке сәйкес, 16 ақпанда аталған бекет маңында миналанған автокөлік жарылған. Соның салдарынан 11 қауіпсіздік қызметкері және бір бала қаза тауып, тағы 7 адам жарақат алған. Жарылыстан кейін басталған атыс барысында 12 содырдың көзі жойылғаны айтылды.

Сол күні өңірде тағы бір жарылыс тіркелген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, мотоциклге орнатылған бомба жарылып, екі адам қаза тауып, 17 адам жараланған.

Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясы қауіпті аймақтардың бірі. Мұнда қарулы топ шабуылдары мен қақтығыстары жиі болады. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар