«Кешірші, менің балам ғой»: Шерзаттың сотында бейнетіркегіштегі күдіктілердің сөзі жария болды
Фото: Бейнеден кадр
Талдықорғандағы Шерзат Полаттың сотында жәбірленуші тарап ұсынған Шерзат жараланған соң оқиға орнынан қашып кеткен күдіктілер мен екі куәгер қыз отырған көліктердің бейнетіркегішке жазылған сөздері жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Көлікте Нұрқияс Ілиясов, Абзал Шынасыл және куәлер Дина Жақсыгелді, Эльмирк Нұрбекова мен Арлан Қазыкенов Юлдаш Розбакиев отырған. Артынан Жақсыгелді басқа көлікке ауысады. Ұсынылған бейнежазбада «Қамажай» дүкенінің алдында болған төбелестен соң көлікке отырып оқиға орынынан қашып кеткен күдіктілердің өзара болған жағдайды талқылағаны сотта көрсетілді.
Бейнежабада бірінен соң бірі балағат сөздер айтып, тіпті әзілдесіп күлгені де байқалады. Оған қоса куәгер екі қыздың басқа күдіктілермен емін-еркін ешқандай «эмоцияналды күйзеліссіз» сөйлеп отырғаны әрі көргендерін анық айтқандары да бейнежазбада көрсетілді. Еске сала кетейік, өткен сот отырысында Эльмира көп сұраққа «шок болдым, есімде жоқ» деп айтқан еді. Ал бүгінгі жарияланған бейнежазбада дәл осы Нұрбекованың төбелес жайлы көлік ішінде күдіктілермен көп талқылағанын көруге болады.
Бейнематериалда күдіктілердің бірі оқиға кезінде айтқан сөздері анық естіледі. Ол өз әрекетін ақтап, «Кешірші, менің балам ол. Сол қатынды сабағандай...» деген. Бұдан кейінгі сөздер балағатқа толы болғандықтан, сот отырысында толық мазмұны анық естілмеді.
Сотта ұсынылған бейнежазбаларда көлік ішінде отырғандардың еркін түрде сөйлесіп, әзілдескені байқалады. Бірі ән салып отырса, енді бірі екі жылдан кейін үйленетінін айтады. Сол сәтте ер адамдардың бірі куәгер Эльмира Нұрбековадан төбелес пен мылтыққа қатысты сұрақ қояды.
Нұрбекова оған: «Бір ер адам. Біздікілерден емес. Бір жақта сұлап жатыр» деп жауап береді. Қасындағы адам: «Оны лақтырып жіберді ме?» деп сұрағанда, Эльмира басын изеп, «мхм» деп жауап қайтарады.
Эльмира жалғастырып: «Ол бізге қарай мылтық кезенді. Артынан адамдар жүгіріп келді» дейді. Қасындағы ер адам: «Екі адам жерде жатыр», – дейді.
Куәгер оқиғаны былай сипаттайды:
«Бастапқыда бәрі дүкеннің жанында топ болып тұрған. Біз құрбыммен бірге дүкенге кірдік. «Темекі сатыңызшы» дедік. Сол сәтте сырттан біреу: «Шығыңдар, мен тапанша алып шығамын» деді. Біз «жарайды» деп кете бергенбіз. Сыртта бір жағдай болып жатқан сияқты көрініп, екеуміз қайта шықтық. Қарасам, дүкен ішіндегі жігіт…».
Осы кезде ер адам жас жігіт туралы сөз қозғайды. Эльмира: «Иә, иә. Толықтау келген. Сол жігіт шықты да, «бәріңді атып тастаймын» деді. Біздің жігіттер: «Атсаң, ата бер, ешқандай проблема жоқ» деп жауап қатты. Біз қарап тұрмыз. Ол «атам, атам» деп айқайлады. Адамдар жан-жаққа қаша бастады. Сол кезде әлгі жігіт мылтықпен шығып, екі рет аспанға оқ атты», – дейді.
Кейін Эльмираға біреу қоңырау шалып, біреуді жіберуді сұрайды және полиция туралы сөз қозғалады. Бірер секундтардан кейін көлік ішіндегі адамдар алыстан полицейлерді байқады.
Orda.kz тілшілері қоғамды дүрліктірген осы сот отырысына басынан бастап қатысып келе жатыр. Алғашқы сот отырыстарында 16 жасар бозбаланың өліміне қатысты сотқа жәбірленушілер мен куәгерлер келіп, мән-жайды баяндап берген еді.
Ал 6 мамыр күні Нұрғанатты заңсыз бейнежазбаға түсірген полицей қызметкері Медет Әділжанов пен айыпталушы Дархан Әскентай сот алдында жауап берді. Ал 15 мамыр күні күдікті, ағайынды Тоқтаубаевтар жауап берді. 16 мамыр 9 күдіктінің бесеуі жауап берді. Олар оқиға орнына қалай барғанын және кімнің қандай әрекет жасағанын баяндады.
21 мамыр күні басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп, өзінің пышақ сұқпағанын, Шерзатқа тиіспегенін айтты. Оның сөзінше, пышақты кім сұққанын көрмеген.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Прокурор «Қазақтың Робин Гуды» Ілияс Сариев пен оның серіктесін 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
- Темірлан Еңсебекке тағы бір айып тағыла ма? Qaznews24 әкімшісін прокуратура қайта шақырды
- «Талғар — ең қауіпті аудан емес»: Сұлтанғазиев өңірдегі қылмыс туралы айтып берді
- Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі міндетті пән болып енгізілді
- Жаңа парламентті Мәулен Әшімбаев басқара ма?
- Жамбыл облысында сәлем салудан бас тартқан келін дөрекі сөйлеген күйеуін сотқа берді
- Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты
- Тасмағамбетовтың қызметтегі соңғы күні: ҰҚШҰ-ның бұрынғы бас хатшысы енді қайда барады?
- «Тасмағамбетов кетіп, Масадықов келді»: Бішкекте ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысы тағайындалды
- «Бәрі террорист емес»: Әміржан Қосанов Тоқаевты сынап ашық хат жолдады
- Алғабастағы өрттен жапа шеккен жеті жастағы қыз әлі өте ауыр күйде жатыр
- Құлағы нашар еститін жүргізушіге жол ақысын төлемей кеткен жолаушы табылды
- «Қайрат» сыртқы алаңда «Копенгагеннен» 3:2 есебімен ұтылды
- «Әйелін атпен сүйреп өлтірген»: Талдықорғандағы елдің жағасын ұстатқан іс сотқа жетті
- Гонконгтағы өрт: Отқа оранған тұрғын үйде 13 адам қаза тапты
- Ақ үйдің жанында атыс болып, гвардияның екі жауынгері зардап шекті
- «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылардың қайтыс болуына байланысты 6 адам сотталды
- Mudarabah Capital ісінде күдікке ілінген Шыңғыс Құрманғалиев қамауға алынды
- Полиция «Дат» газетінің бұрынғы бас редакторын неге ұстағанын түсіндірді
- Ақтөбеде жеке мектептің мұғалімдері 4 айдан бері жалақысыз жүр