Қазақтың тазысы Хельсинкидегі Дүниежүзілік көрмеде жүлделі орындарды алды
Фото: qr-pib.kz
2025 жылдың 8 тамызында Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен World Dog Show 2025 халықаралық ит көрмесінде қазақ тазысы алғаш рет ресми түрде халықаралық аренада таныстырылды. Бұл шара Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) қолдауымен өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Көрмеге Қазақстан атынан қатаң іріктеуден өткен және халықаралық деңгейде сайысқа дайындалған сегіз тазы қатысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 25 мыңға жуық иттің арасында қазақ тазысы алғаш рет FCI мойындаған жеке тұқым ретінде бақ сынады.
Нәтижелер ел үшін үлкен жетістікке айналды: бес қазақ тазысы өз рингтерінде жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен тазылар жарыстан келесідей атақ алып қайтты:
- «2025 жылдың жас әлем чемпионы» атағын – Тамерлан,
- «Әлем чемпионы» атағын – Лашын,
- «Әлем чемпионы (ұрғашы иттер арасында)» атағын – Ару,
- «Әлем вице-чемпионы» атағын – Көксерек,
- «Әлем вице-чемпионы (ұрғашы иттер арасында)» атағын – Пана атта иттер иеленді.
Сонымен қатар, Лашын мен Ару өз санаттары бойынша «Финляндия чемпионы» атағына да ие болды.
Қазақстан павильоны көрме қонақтары мен қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Ұлттық нақышта, киіз үй үлгісінде безендірілген көрме алаңы шараның ең танымал орындарының біріне айналды. Келушілер тазы иттерімен суретке түсіп, тұқымның тарихымен және ерекшеліктерімен танысты.
Қазақстан кинологтар одағының сарапшылары тазының шығу тегі, мінез-құлқы, ерекше жұмыс қабілеті жайында айтып берді. Сонымен қатар, бұл тұқымның не себепті ұлттық қазына саналатыны және қазақтың жеті қазынасының біріне жататыны да түсіндірілді.
Тазыны сақтау және таныту жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүргізілуде және 2022 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қамқорлығында. Үш жыл ішінде Қазақстан кинологтар одағымен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды:
2023 жылдың тамызында Қазақстан кинологтар одағы FCI-дің толыққанды мүшесі болып қабылданып, ұлттық тұқымдарды халықаралық деңгейде таныстыру құқығына ие болды.
Былтыр арнайы комиссия осы тұқымның 100-ге жуық өкілін сараптамадан өткізіп, оның қорытындысы бойынша «Қазақ тазысын» тану және еліміз үшін «Kazakh Tazy» брендін қамтамасыз ету туралы өз қорытындысын шығарған болатын.
2023 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге қазақтың ұлттық тазысының күшігін сыйға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін
- «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылы 10-нөмірмен ойнайды
- Олимпиада жарақаты: Польшалық шорт-трекші Камила Сельер коньки жүзімен беттен соққы алды
- Қазақстандағы мыс саласы қайтадан Владимир Ким мен Эдуард Огайдың қолына өтті
- Қазақстан Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден төрт алтын медаль алды
- Шымкентте былтыр ғана салынған жол опырылды
- Өтініш бергеннің бәріне әлеуметтік көмек: Министрлік жалған ақпаратқа жауап берді
- Эпштейнмен қатынасы үшін дауға қалған ханзада Эндрю таққа мұрагер бола алмайды
- Трамп барлық елдерге баж салығын 15 %-ға дейін көтеретінін мәлімдеді
- Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
- Тоқаев Сауд Арабиясы Королі мен тақ мұрагерін құттықтады
- Геннадий Головкин Джеки Чанға қазақтың шапанын сыйлады
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров «Кунг-фу панда» образында, Джеки Чан арнайы келді
- Олимпиада–2026: Соңғы жарыс күні, жабылу салтанаты
- Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану азайды
- Алматы қаласында 60 адам тіркелген екі пәтер анықталды
- Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиада финалына жолдама алды
- Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
- Тағы да Талғар: Ғалымжан Шерзатұлы 53 күннен кейін қайта жерленді
- Қарағандыда дроперлікке банк шотын берген студенттер жауапқа тартылды